» » Қытаймен парламентаралық диалог өрістейді

Қытаймен парламентаралық диалог өрістейді



Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жина­лысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Айлигенг Имингбахай бастаған ҚХР парламенттік делегациясын қабыл­дады.
«Біз Қытаймен жан-жақты страте­гиялық әріптестікке зор маңыз береміз. Оны нығайтуға біздің мемлекеттеріміздің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин шешуші үлес қосты» деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Қазақстан Парламенті Жоғарғы палатасының басшысы Президент Н.Назарбаевтың алда күтіліп отырған Қытайға мемлекеттік сапары мен оның Циндаодағы ШЫҰ саммитіне қатысуы екіжақты қатынастарға жаңа серпін береріне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы заң шығару органдары деңгейіндегі бай­ланыстар қарқыны арта түсуін саяси үнқаты­судың маңызды бөлігі деп атады. Көпта­рапты парламентаралық ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестіру жаңа мүмкіндіктер ашатын болады.
Сенат төрағасы діндер және өркениет­тер үнқатысуын нығайту ісіндегі Қазақ­стан­ның күш-жігері туралы Қытай жағын хабардар етіп, алдағы 10-11 қа­занда Ас­тана­да өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің күн тәртібі «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жо­лында» тақырыбына арналатынын жеткізді.
А.Имингбахай Қазақстанмен стра­тегия­лық әріптестікті дамытуға Қытай­дың баса назар аударатынын және алдағы маусымдағы жоғары деңгейдегі кездесу нәтижелі болуына зор күш-жігер салып отырғанын айтты.
ҚХР Парламентінің вице-спикері парламентаралық байланыстарды терең­детуге арналған бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, А.Имингбахай Қазақстан парламентшілеріне Қытай­дағы бірлескен семинарға шақыруды жеткізді. ХӨБЖ делегациясының бас­шысы қауіп­сіздікті қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық шаралар саласында тәжірибе алмасуды белсенді түрде жүргізуге шақырды. Одан басқа, халық дипло­матия­сына қарқын беруге, ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени сала­лардағы байланыстарды жалғастыруға ықылас білдірді.
Әңгіме барысында сауда-экономи­калық және көлік-логистика ынтымақ­тастығын жаңа деңгейге көтеру мүм­кіндігі талқыланды. Қ.Тоқаев қытай­лық транс­құрлықтық «Бір белдеу – бір жол» жобасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасының үйлесуі арқасында ашылатын ауқымды мүм­кіндіктерге назар аударды. Айлигенг Имингбахай өз кезегінде электрондық коммерция мен цифрлы технология секілді келешегі бар салалар өзара іс-қимылға жаңа серпін беретіні туралы пікір білдірді.
Қ.Тоқаев қорытынды сөзінде түрлі саладағы өзара әріптестік қатынастар орнаған көрші мемлекеттер арасында қандай да бір өзекті мәселелер туындауы ықтимал екенін, сондықтан олар достық рухындағы дипломатиялық консульта­циялар мен келіссөздер арқылы ғана шешілуі тиістігін атап өтті. Төраға алдағы жоғары деңгейдегі кездесуде барлық мәселелер тиімді келісімдерге келу, өзара сенім және дәстүрлі достық негіздерінде шешілеріне сенім білдірді.
03 маусым 2018 ж. 1 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031