» » Референдумды өткізуде азаматтық қоғамның рөлі басым

Референдумды өткізуде азаматтық қоғамның рөлі басым

Мемлекет деңгейіндегі мәселені халық талқысына салу – демократиялық қоғам үшін таңсық емес. Референдум – халық бостандығының көрінісі. Әсіресе, конституцияға қатысты әр түзету терең талдауды қажет етеді. Осы орайда «AMANAT»партиясы облыстық филиалы жанындағы штаб мүшелері бүгін Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, алдағы науқанның мән-маңызын түсіндірді.
Оларға еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы облыстық штаб төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, сондай-ақ қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Анар Ізден кеңінен мәлімет берді.
«Конституцияға өте ауқымды түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты. Саяси жүйе үлкен трансформация алдында тұр. Ел тағдырына қатысты сауал қойылған шақта халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қалыс қалмауы керек. Қоғамдық-саяси, экономикалық тұрғыдан жаңа деңгейге қадам басу үшін әр азаматтың бұл науқанға ат салысуы аса маңызды. Осы мүмкіндікті пайдаланып,баршаңызды ел болшағы үшін қабылданғалы тұрған өзгерсітерге дауыс беруге шақырамын»,- деді Алтынбек Жарылқасынов.
«Референдумды өткізуде азаматтық қоғамның рөлі басым. Бүгін біз азаматтық қоғам белсенділері ретінде Сіздерге осыны түсіндіруге тырыстық. Ал халықтың аталмыш жаңашылдыққа көзқарасын референдум нәтижесі айқындайды. Сондықтан баршаңыз белсенді болуыға шақырамын»,- деді өз кезегінде сөз алған мәслихат депутаты Анар Ізден.
Жиында азаматтық қоғам өкілдері өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, өз ұсыныстарын жеткізді.
20 мамыр 2022 ж. 5 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031