» » Сегіз айдан бері ұйқыда жатқан қыз

Сегіз айдан бері ұйқыда жатқан қыз

Қарағандыда екі жастағы қыз ұйықтап кетіп, сол күйі ояна алмай жатыр. Осыған қарамастан, ол ауырсынуды, қолдың тигенін сезеді, тістері шығып, салмақ қосуда. 
     Үздік медициналық орталықтардың невролог мамандары онлайн кеңес өткізіп, сегіз айдан бері жалғасып келе жатқан ұзақ ұйқының себебін таба алмай жатыр.
Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізді, алайда балаға нақты диагноз қоя алмауда.
      Баланың ана құрсағында жатып ауру жұқтырғаны миы мен оның негізгі функцияларына әсер етуі мүмкін деген болжам ғана бар. Бірақ, Аяулым төрт айға толғанда дәрігерлер оны құрсақ ішілік ауруынан толық емдеген.
      Бүлдіршін ойыншықтарды өзі ұстап, еңбектеп, тәй-тәй басып, барлық дыбыс пен жарықты сезініп, белсенді өсіп келе жатыпты.
     Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Аяулымның түрі солғын болған соң, оны демалсын деп жатқызыпты. Бірақ, ол таңертең оянбаған. Сәби көзін ашады, бірақ көзінің қарашығы ойнап тұрады.
Қазіргі таңда бүлдіршін облыстық клиникалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Мәскеулік мамандар баланы қарап, оған қажетті медициналық жәрдем көрсетуге дайын. Алайда, олардың қызметі ақылы.
     Қарағандыға жақында мемлекет басшысының көмекшісі Аида Балаева келіп, қыздың анасы Шынар Бекмағамбетовамен кездесті.
Ол Балаева ханымнан үкіметтік деңгейде көмектесіп, Қарағандыға мәскеулік дәрігерлерді әкелуін өтінді. Аида Балаева жағдайды Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізуге уәде берді. 
23 тамыз 2019 ж. 1 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930