» » Ыстықтан бағдаршамның балқығаны рас па?

Ыстықтан бағдаршамның балқығаны рас па?


Осыдан екі күн бұрын бағдаршамға жүк көлігі соғылып, сындырғаны белгілі болды.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дуйсенбаев қалада аптап ыстықтан бағдаршамдар балқып жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Сарығашта ауа температурасы +35, +40 градус ыстық екенін атап өтті. Қайрат Дуйсенбаев бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратпен таныс екен.
"Сарыағашта бағдаршамдар күн ыстығына балқып жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сарыағаш қаласында республикалық маңызы бар А-15 тасжолында бағдаршам бар. Осыдан екі күн бұрын жүк көлігі сол бағдаршамға соғылып, сындырған. Бүгін Шымкент қаласынан бағдаршам алғызып, жаңасын орнатып жатырмыз. Сондықтан "Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам балқып кетті" деген ақпарат өтірік", - дейді Қайрат Дуйсенбаев.
Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Сарыағаш қаласында ауа температурасы +55 градусқа дейін көтерілгені жазылды. Салдарынан қаладағы бағдаршамдар балқып кетті деген ақпарат тарады.
20 шілде 2019 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728