» » СҰМДЫҚ: Тікелей эфирде жас қыздар ажал құшқан

СҰМДЫҚ: Тікелей эфирде жас қыздар ажал құшқан

Осыдан бірнеше жыл бұрын жапондық телеканалдардың бірінде реалити-шоу бағдарламасы тікелей эфирде жүреді. Бағдарлама аруақтарға және адам түсініп білмейтін мистикалық жағдайларға арналады. Шоу барысында бағдарлама жүрізушісі залда отырған көрермендер арасынан үш жас қызды таңдап ортаға шығарады. Оларға түсініксіз жағдайлар жиі орын алатын бір ескі ғимаратты аралап шығу тапсырылады. Олардың әрбір қадамын бейнекамера арқылы бақылап отырады. Көрермендер жас қыздардың әрбір дыбыстан, көлеңкеден қорыққандарын экраннан көріп мәз болады. Әлден уақытта қыздар қорқынышты ғимаратты толықтай аралып шығады.

Қыздар ғимараттан шыққан сәтте түсіру тобының суретшісі үш қыздың ғимараттан шыққан сәтін суретке түсіріп алады. Негізі қыздарға ғимарат ішін аралап шыққанда соншалықты қорқынышты ештеңеге кез бола қоймайды. Бар сұмдық суретті басып шығарғанда басталады. Суретте қыздар мүлде басқа кейіпте бейнеленген. Бірінші қыз басынан аяғына дейін қап-қара болып қалған. Екінші қыз тұман арасындағы елес секілді болып тұрады. Ал үшінші қыздың басы жоқ.
Бірнеше күннен кейін сұмдық қайғылы оқиғалар басталады. Бірінші қыз түсініксіз жағдайда қайтыс болады. Ол ұйықтап жатқанда үйінен өрт шығады. Бір қызығы үйде сол қыздан басқа ешкім зардап шекпейді. Ал ол дәл суреттегі сияқты бастан аяқ қап-қара болып күйіп кетеді.
Мұны естіген бағдарлама жүргізушісі «бұл кездейсоқтық емес» деп ойлап, қалған екі қызды реалити-шоудың сол түнгі бағдарламасына шақырады. Екінші қыз дәл уақытында келеді де, үшінші қыз келмей қалады. Бағдарлама жүргізушісі алдынғы бағдарламада түсірілген суретті көрсетеді және оған қолдан өзгерту жасалмағанын айтып, ант ішеді.
Бағдарлама жүргізушісі суреттегі екінші қызды ортаға шақырып, жиналға жұртшылыққа таныстырып. Студияға жиналған көрермен екінші қызды қол соғып, қошеметтеп қарсы алалы. Қыз бағдарлама жүргізушісінің қарсы жағында тұрған орындыққа жайғасады. Алғашқы сұрақ қойылып, қыз оған жауап айта бастағанда, жоғарыда тұрған прожектор дәл басына түседі. Қыз көпшіліктің көз алдында ток ұрып өледі. Поржектордан шыққан түтін қызды орап алады. Екінші қыз да дәл суретте бейнеленгендей күйге енеді.
Қайғылы жағдай орын алғанына қарамастан бағдарлама жүргізушісі операторларға «түсірілімді тоқтатпаңдар» деп айғайлайды. Абыр-сабыр болып жатқанда, студияға үшінші қыздың анасы келгенін ешкім байқамай қалады. Шашы жалбырап кеткен әйелдің қолында қысып ұстаған түйіншек бар еді. Үстіне киген көйлегіне қан шашыраған. Ол қолындағы түйіншекті бағдарлама жүргізушісінің алдына ашып тастайды. Сұмдық. Түйіншектегі үшінші қыздың басы екен. «Қара, дұрыстап қара, көрдің бе сенің шоуың менің баламды қандай күйге жеткізді» деп айғайлайды ана.
Кейін белгілі болғандай, үшінші қыз анасымен бірге шоуға қатысу үшін келе жатады. Кешігетін болған соң олар такси жүргізушісінен жылдамырақ жүруді өтінеді. Көшеде жаңбыр жауып тұрған. Бір қиылысқа келгенде таксиді жүк көлігі соғады. Басты соққы қыз отырған тұстан тиеді. Салдарынан қыздың басы жұлынып кетеді. Құдайдың құдіретімен такси жүргізушісі мен қыздың анасы аман қалады.
Алайда кейін телеканал ол түсірілімді көрсетпейді. Бағдарлама жүргізушісі жұмыстан босатылады. Ал реалити-шоу бағдарламасын мүлде жауып тастайды. «Жазып алынған бейнежазбалар тағы да қайғы әкелмесін, қоғамда қандай да бір наразылықтың тууына себеп болып жүрмесін» деп қорыққан телеканал басшылары барлық материалды жойып жібереді. Сол кезде жапон үкіметі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына ол оқиға жайлы сөз қозғауға тыйым салады. Бүгінгі күні де сол бір қайғылы оқиға жайлы ешкім сөз қозғамайды екен.
(Мақала орыс тілінен аударылған)
Алаш айнасы

14 шілде 2019 ж. 3 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031