» » Дауысы мұхитты жаңғыртатын жәндік

Дауысы мұхитты жаңғыртатын жәндік

Өзі жәндік болса?... Дауысы мұхитты жаңғыртады десек сенбеуіңіз мүмкін. Расымен "мұхитты жаңғыртады" дегеніміз әсірелеп айтқанымыз болар. Әйтсе де, бұл жәндік өзінің денесімен салыстыра қарағанда дауысты әлдеқайда қатты шығарады. Дыбыс - әлемдегі қарым-қатынастың бір құралы. Барлық тірі жан иелері әйтеуір бір дыбыс шығаратыны рас. Сол арқылы бір-бірін түсініседі, болмаса өзгенің назарын аударады. Бұл дыбыстар әртүрлі болады. Қатты және жай, жуан  не жіңішке... т.б.  Мысалы, жер бетінде қандай тірі жан иесінің дауысы қатты шығатынын білесіз бе? Мұхитта ше? Егер сүтқоректілер санаты бойынша алар болсақ, көк кит дауысы ең қатты шығатын тіршілік иесі. Ал дауысының қатты шығуын денесіне қарай шақтайтын болсақ, онда көк кит алғашқы орындарға таласпайды. Қарапайым мысал ретінде айтар болсақ, піл мен құмырсқаны алайық. Екеуі көтеретін жүкті мүлде салыстыруға келмейді. Піл бірақ өзімен бірдей салмақты еңсере алмайды. Құмырсқа болса өзімен бірдей жүкті көтере алады. Осы секілді көк кит те дауысының қатты шығу деңгейі бойынша мұхит құртынан қалып қояды. Current Biology басылымы хабарлағандай, ғалымдар біраз жылдан бері Жапониядағы Хонсю аралының шығыс жағалауында кездесетін Leocratides kimuraorum деп аталатын көпқылтанды құрттарды арнайы зерттеген. Бұл тіршілік иелерінің табылғанына да көп жыл болмаған. 2017 жылы осындай құрт бары анықталған. Сирек кездесетін тіршілік иелері қатарына енген. Көбіне 80-170 метр тереңдікте кездеседі. Жапония мен Канада ғалымдары зерттеу кезінде Leocratides kimuraorum құртының дауыс деңгейі 157 децибелге дейін жететінін анықтады. Ал көк киттің дауысы - 188 децибел. Расында, киттің дауысы қатты шығатыны анық. Бірақ, ол - алып сүтқоректі. Leocratides kimuraorum болса, небәрі 3 сантиметр ғана. Зерттеу кезінде ғалымдар (Рютаро Гото (Ryutaro Goto, Kyoto University), Исао Хирабаяси (Isao Hirabayashi, Kushimoto Marine Park Center), Ричард Палмер (Richard Palmer, Department of Biological Sciences, University of Alberta) осындай ерекше құбылыстың куәсі болған. Екі Leocratides kimuraorum құртын бір құтыға салған. Шайқаса кеткенде олардан сақылдаған дауыстар шыққан. Оны арнайы зерттеп өлшеген ғалымдар таңданыстарын жасыра алмаған. Себебі, кіп-кішкентай ғана құрттардан зор дауыстың шығуы - таңданарлық жағдай. - Бұл құрттар осындай зор дыбыс шығару арқылы өз аумақтарын қорғайды, әрі өздеріне жақын жүрген тіршілік иелерін біледі, - деген ойда зерттеушілер. 

massaget.kz
12 шілде 2019 ж. 1 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031