Мектеп кезіп жүрген жын камераға түсіп қалды
АҚШ-тың Айдахо штатындағы Pocatello мектебінде орнатылған бейнебақылау камералары түнгі уақытта оқу мекемесінде кезген елестерді түсіріп алған.
Мамандардың айтуынша, бұл жын болуы мүмкін.
Назарларыңызға ұсынылған видеода мектеп дәлізіндегі шкафтан сұлбасы адамға ұқсайтын елес шығып, дәлізде жүргенін байқауға болады.
Осыдан кейін күзетшінің бөлмесінде орнатылған мониторлар жыпылықтай бастаған. Бұған дейін оқушылар мен мұғалімдер мектеп қабырғаларынан шығатын дыбыстарды бірнеше қайтара естігенін айтады.
Оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін мектепке елес аулаушылар шақыртылады. Олардың айтуынша, мектептің қабырғаларында расында жын бар көрінеді.
"Соңғы 100 жыл ішінде Porcello мектебінің аумағында 6 оқушы көз жұмған. Олардың бесеуі 1914 жылы мектеп өртенген уақытта қаза болған, тағы бір оқушы бірінші қабаттағы бассейнге батып мерт болған. Бұл елестер сол оқушылардың рухы болуы мүмкін", - дейді олар.
Американың оқу мекемелерінде әдеттен тыс оқиғалар мен түрлі елестер жиі кездеседі. Өткен жылы мұндай елестерді британиялық пабтарға келушілер байқаған.
nur.kz