» » "Қара күш" қоныстанған үй

"Қара күш" қоныстанған үй

Бірде маған шымкенттік бір жас жігіт "Көке, Алматыда Рысқұлов көшесі бойында (Тілендиев көшесімен қиылыс) бір бос үй тұр. Жері де мол. Екі қабат. Иесі ертеде өз отанына көшіп кеткен. Жай емес, бұл үйде қайғылы адам өлімі жиі боп тұрады. Үйдің әйнектері өздігінен шытынап, сына береді. Ақырғы қожайын да үлкен шығынға ұшырап, өзімен өзі кеткен, - дей келе маған қорықпасаң сол үйге кіріп ал деді заң адамдары. Бірақ, жүрек дірілдегендей! Сіз соны көресіз бе?" - деп өтінді.
Көрнекі сурет ғаламтордан
Алдында Алматыдағы мұндай үй туралы бірнеше газеттен оқығаным еске түсті бірден. Бардық. Үй тозған.
Мен дұға оқып үйді аралап көрдім. Үй таза емес. Бірақ, бір кері энергияның барын сезгендей болды. Өзімнің алып жүретін жай биоэнергетиканы өлшейтін құралыммен, үй іші мен сыртқы алаңқайды өлшеп көргенімде бұл жерде адамның басына бірден әсер ететін әлдебір "Қара күштің" барын мені ертіп келген жігітке айттым.
"Бұл жерде ұяланып, жанталасып биікке ұша алмағандықтан мәңгілікке жерде қалып қойған "Зұлым" әруақ ордасы бар", - дегенімде, ол да ат тонын ала кашты.
Ондаған жылдар бойы бұл үй осындай құбылысты бастан кешіруде. Тек қана жаны, иманы таза адам ғана табиғаттың сұрқиялы әсерінен аман қалады. Бұндай жанталасып, тынымсыз ғұмыр кешкен әруақтар әрқашанда адамдарға тыныштық бермейтіндей. Кейде олар адамдармен байланысқа да шығатынын естіп білдім. Кейде тіпті қолына қалам, қағаз алдыртып, адамды өз еркіне көндіріп, түсініксіз тілде сөз, сызықтар сыздырып, суреттер салғызады да.
Дегенмен бұндай әруақтар қандай түрде әсер еткенімен, адамдарға зияндық ете алмайды. Сонда да сақтық, беріктік керек.


Жанқай Маратов,
Оңтүстік Қазақстан облысы

14 маусым 2019 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031