» » Сүңгіден сақ болайық!

Сүңгіден сақ болайық!

qarmaqshy-tany.kz Осыдан бірер ай бұрын Ақтөбе қаласына сапарлап барғанбыз. Сонда ол жақта қар бар. Бізде қара жер, қоңыр салқын. Әлгі жақтағылардың бәрі «сендерде қара жер көрініп жатады ғой, қыстың қызығы қар емес пе?» деп айтатын. Әрине, қарды қалаймыз ғой. Аймағымызда қар көп жауа қоймайды. Әлсін-әлсін жауған қар тез еріп кетеді. Ал биылғы ақпандағы ақ ұлпа қарымыз ұзақтау жатқан секілді. Тек қардың өзі ғана емес, көктайғағы, ызғары бар.
Таңертең балалар балабақшаға барар алдында үйдің шатырына қатқан сүңгіні көріп «Анашым, ұзын-ұзын мұздарды қарашы. Алып берші» деп қолқалап қоймайды. Газ мөржесінен де қатқан мұздар бар екен, соны алып беріп едім. Бірден ауыздарына салып, дәмін көріп жатыр.
Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйдің, ғимараттардың шатырынан мұз сүңгілер пайда болады. Шатырдағы мұздар адамдарға қауіп төндіреді, өйткені кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін. Егер ол адам басына түссе, салдары ауыр болады. Сүңгі мұз тек адамдарға емес, ғимараттардың маңында тұрған көліктерге де қауіпті.
Жыл сайын жоғарыдан құлаған мұздан бірнеше адам зардап шегеді. Тіпті адам шығын болып жатқанын да көріп жүрміз. Бір қарағанда мұз шатырға нық жабысып тұрған сияқты көрінеді. Бірақ кез келген жағдай, тіпті әлсіз желдің өзі оның жоғарыдан құлап кетуіне себеп болуы мүмкін. Мұздың құлауынан абай болу керек, ғимараттардың қабырғаларына, балкондардың астына жақындамауға тырысқан жөн. Шатырдағы мұз бен қар қабаттары құлап кетуі мүмкін жерлерден аулақ болған абзал.
Көктайғақтың кесірі де айналып өпейді. Сондай-ақ көше бойындағы тайғақ жерлерден де байқап жүргеніңіз дұрыс. Жаяу жүргінші де, көлік тізгіндеуші де сақтық шараларын ескеру керек. 112 желісінен келген ескертпелер мен хабарламаларға да құлақ асқан абзал.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНКЫЗЫ
12 ақпан 2023 ж. 1 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 746

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031