» » Күнге шағылысқан әбжылан

Күнге шағылысқан әбжылан

qarmaqshy-tany.kz Айта берсең малшы ауылдың қызығы таусылмайды. Бірде әкем мал бағып жүріп. Мына бір оқиғаның куәсі болыпты. Алыстан күнге жарқыраған бір нәрсе әкемнің назарын аударыпты. Не де болса жақындауға бел байлаған әкем сол жаққа қарай ат басын бұрады. Жалтұр-жылтыр еткенге жақындаған сайын ат үркіп алға жылжуын бәсеңдетіпті. Тіпті ат кісінеп, басын шұлғи беріпті. «Не болса да көзіммен көрейін, мұның не екенін» деген оймен әкем атынан түсіп, әлгі жаққа жаяулап барса керек. Өз көзіне өзі сенбепті.
Ескі темір қаңқаның үстінде күнге қыздырынып жатқан әбжыланды көрген әкем, атының не себептен үріккенін сонда ғана біліпті. Ұзындығы 3-4 метрдей болатын әбжылан шынында да қауіпті еді. Жайылып жүрген бір отар қойда бағытын өзгертіп, басқа жаққа қарай бет алыпты.
– Мұндайды бұрын көрмеген ем. Өзім де жүрексіндім. Бірақ, қызығушылығым өз дегенін істеді. Қаншалықты қорқынышты болса да жақыннан көрдім жыланды, – деп әкеміз әзірге малды жылан жатқан жаққа қарай жаймауын ұлдарына мықтап тапсырды.
Арада біршама уақыт өткен соң зообақта жұмыс істейтін екі орыс азаматы келді біздің үйге. Сөздеріне қарағанда, әбжыланды іздеп жүргендерге ұқсайды. Әкем бұдан бірер күн бұрын дәу жылан көргенін айтып, бағыт сілтеді.
Әбжылан – зообақтан шығып кеткен-ау, сірә.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
28 желтоқсан 2022 ж. 1 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930