Құрбылар

Майра әлденеге қатты күрсінді. Жанына не жақын екені белгісіз. Беймаза ойлар жанын жегідей жеп, әлдекімді сағынады. Таңды таңға ұрып, кештерді күрсінумен өткізеді. Бұл өмірде ол білмейтін дүниелер әлі жұмбақ тәрізді. Әйтсе де әр жұмбақтың өзіндік шешімі болатыны белгілі емес пе. Ойларын онға бөліп, сан соққаннан не пайда?
Кітапхана толы студент. Кезекке тұру­дан жалыққан Майраның құрбысы Назгүл қатты шаршап, үйге тезірек қайт­қысы кел­ді. Бірақ, тапсырма күндегіге қарағанда әл­де­қайда көбірек берілген...
Бүгін бес құрбы бірігіп, әдеттегіше үй тапсырмасын орындап болған соң үйлеріне қайтып, жолда келе жатыр. Әркім өзінің мұңын шағып, сар­ғайған сағы­нышқа толы күз мез­гілін­де күпті көңілдерін бір сілкіп алды. Кезек Назгүлге келді:
-Менің соңымнан бір жігіт қалмай қой­ды. Ал, мен болсам оны жақсы көр­меймін. Жүрекке әмір жүрмейді.
Майра: -Жандос жақсы жігіт. Ол сені шын ұнатқандықтан солай қыр соңыңнан қалмай жүр. Ал, сен ше? Барды бағалап, жоқ­ты іздемеген жөн ғой. Саған осы кім ұнайды?
Назгүл: -Маған өзіміздің топтағы Аслан ұнайды.
Майра үнсіз қалды. Бұл сөзді естіп тө­бе­сінен жай түскендей, күтпеген жерден басы айналып, қатты қобалжып кет­ті. Іштегі алай-дүлей арпалысты қалай жеңерін білмей, ешкім білмейтін бір жаққа дәл осы сәт кеткісі келді. Құлағы тас боп бі­теліп қалғандай. Аслан...Аслан...Аслан.. деген толғаныстардың толқуында тербеліп тұрғанда иығынан итеріп Назгүлдің: -Са­ған не болды? деген даусын сонда ғана бірақ аңғарды. Әйтсе де Асланға деген сезім оған бой алдырар емес-тін.
-Жай ештеңе... сенікі де жөн.
Назгүл бұдан әрі үн қатпады. Бұл кезде аспандағы бұлттар да қыздардың көңілдері тәрізді торланып, мұңдана қалыпты. Артынша көңілдердің кірбіңін жоғалтқандай жаңбыр да барынша құйып жауды. Соңы­нан сіркіреп барып, біртіндеп күн де ашыла бастады.
Қыздар осылай тарасты. Бәрі өз үй­лері­не қайтуға айналды.
Қайтар жолда Майраның көңілі әлде­кімді іздегенмен бұл жолы тағы да жалғыз. Құрбыларының ішіндегі ең аяулысы, жа­ман­дыққа қимайтыны осы Назгүл болатын. Ол ақжарқын, кеңпейіл, достарға де­ген адалдығы жүзінен көрініп, ісінен бі­лі­ніп тұратын ибалы қыз. Сырын жасырып қалмайтын аңғал бала мінезді.
Енді не істерін білмей дал болды. Неліктен мен оны іштей ұнат­тым. Неге ертерек бірінші мен айтпадым. Жоқ бәрібір бұлай болмайды. Мен айт­қанмен ол дәл қазір менің күйімді кешері сөзсіз. Мен ондай өзімшілдікке бой бере алмаспын.
Ендігі кезек Асланның кімді қалай­ты­нына тікелей байланысты болмақ. Кенеттен кезіккен Асланды көріп, Майра таң­да­ныс үстінде. Қуанарын не қуанбасын білмей аңтарылып тұрып қалды. Аслан аман-саулықтан соң бірден өзінің келу се­бе­бін айтты.
-Майра, мен сені ұнатамын. Айтудың ың­ғайын таппай біраз жүріп қалғаным үшін кешірім өтінем.
Майра ойлануға бір күн рұқсат алды да, көз алдында тұрған жасты білдіртпес үшін тезірек қоштасуға ыңғайланды.
Құрбысы Назгүл көз алдынан кетер емес. Білмесем бір жөн, біле тұра құр­бым­ның ұнатқан жігітімен көз алдында бірге жүрсем, көзіне шөп салғандай болмаймын ба? Дос деген атқа кір келтірмеймін. Қашан да мен үшін достық қымбат. Достықты сатқанша Майра деген атым құрысын. Бұл менің жан дегенде жақсы көретін жалғыз құрбым. Әбден басы қатып кеткен Майра енді не істерін білмей дағдарып, тұманды ойлардың ортасында қалды.
Таң атты. Күн көзі тағы да әлемге нұрын шашты. Асланға деген сезімін тежеп, ол іштей ойланып келеді.
Кімді айтсаң сол келеді демекші, алдынан өзінің ұнатқан жігіті Аслан шыға келді.
- Сәлем, Майра.
- Сәлем, Аслан.
-Айып болмаса, мен өз жауабымды бі­лейін деп ем. Сенің де мені ұнататыныңа кү­мәнім болмаушы еді. Құлағым сенде. Тыңдап тұрмын. Майра, үн қатшы. Не­лік­тен үнсізсің!
-Аслан, менің жауабым үш әріптен тұра­ды. Оны өзің де жақсы білесің.
-Егер батылың жетсе, неге айтпайсың! Айтсаңшы, мені олай қинамашы, жаным.
-Жоқ... жоқ... жоқ...
-Неге олай дейсің, Майра. Бір себебі бар ма? Осының бәріне Назгүлді себеп қылсаң қателесесің. Мен сені ғана жақсы көремін. Түсінші мені.
-Жоқ. Мен құрбымның алдында еш­қа­шан қарабет болғым келмейді. Мені түсінуге тиістісің. Мен үшін достық ең бірін­ші орында. Сондықтан сенімен де дос болып қалғаным дұрыс. Бұл өзіңе де, маған да оңай болары сөзсіз. Егер мені шынымен жақсы көрсең достығымды жоғары бағалап, сол тұрғыдан ғана қабылдағайсың.
-Жарайды. Бірақ мен сені қандай жағдай болса да шын жүрегіммен жақсы көре­тінімді білгейсің.
-Оны өзің білесің. Рұқсат болса, мен ке­тейін.
Екі оттың ортасында қалған Аслан көз алдынан Майра ұзап кеткенше соңынан қарап тұрып қалды.
Бір қызығы, достықты берік ұстанған Майра өмірде Асланды араға жылдар са­лып қайта жолықтырды. Бұл жақын құр­бысы Назгүлдің де өз орнын тауып, өз сүй­генімен әлдеқашан бас қосқан кезі болатын. Махаббат-достықтан құралуы бек мүмкін. Алайда шынайы достықтың шынайы махаббатқа ұласуы сирек болатын құбылыс. Сондықтан асыл достықты баға­ла­ғанға не жетсін, шіркін!
27 желтоқсан 2022 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031