» » Ауылда тылсым ұстахана бар

Ауылда тылсым ұстахана бар


Суреттегі Ақтөбе ауылындағы темір ұстахана. Бұл жерге осы маңның көрші-көлемінен естіген бойда ұша жөнелдік. Шап-шағын. Ескі екені де анық байқалады. Бірақ әлдененің құдіретті күші осы жерге шақыратындай. Мистикалық әңгімені естісем, қойын дәптерімді шимайлайтын әдетім бар. Ауыл тұрғыны Жанат апайдың айтқан бір-екі әңгімесі санамда әлі жаңғырып тұр. Ұйықтау мүмкін емес. Жазбасқа амал қалмады)
Бұрын осы жерді иелік еткен темір ұстасының бойында қасиет болған деседі. Тек оның бойындағы шеберлік ұлдарына дарымапты. Күні-түні ұстаханасында көрік тартып, темір соққан ұста ұрпағы ізін жалғағанын арман етсе керек. Себебі ол кісі қайтқалы әр жұмада темір соққан дауыс естілген екен. Көршілерінің айтуынша, бұл жер - қасиетті. Әрі ұлдары темір қыздырып қояды екен. Егер бұл жер тым-тырыс қалса өздігінен ұсталық дауыстар естіледі-мыс. Бір қызығы сол ұстаның 5 жасқа таяған немересі ұсталыққа бейім. Кішкентай бөбек қолына балта алып, жерді жағалай қағып жүреді екен. Атасының ұсталық қасиеті осы немересіне қонған болар,кім білсін?!
Сурет мұрағаттан алынды. 2019 жылы сол ауылға сапарлатқанда бір топ тілші болып барып едік. Жазудың сәті түспей кейінге шегеріле берді. Күн жадырай жылығанда жолымыз қайта түспек. Ал сіз бұл жер жайында не білесіз?
Айнұр ӘЛИ,
Ерсін Әбләкиев (сурет)

12 наурыз 2021 ж. 2 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728