Топ-баннер
» » Қаралы күнде аудан әкімдігінің қызметкерлері асыр салып той тойлаған (ВИДЕО)

Қаралы күнде аудан әкімдігінің қызметкерлері асыр салып той тойлаған (ВИДЕО)

Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге «туған күнде болдым» деп отыр.
Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жалпыұлттық аза тұту күні жаңа жыл тойлапты. Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күндегі олардың бұл әрекеті тұрғындардың ашу ызасын туғызған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Басшылардың бассыздығына ашынған ерейментаулықтар полицияға хабарлапты. Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмады. Сол күні президент жарлығымен аза тұту күні жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді.
Бірақ, бұл қайғылы жағдайға да, президент жарлығына да, Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері селт етпеген сыңайлы. Жаңа жылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған.
Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге «туған күнде болдым» деп отыр.
«Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның... несіне...  жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым», - дейді Ерейментау ауданының әкімі.
08 қаңтар 2020 ж. 2 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 478
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728