» » Кәмпиттен табылған құрттарға қатысты «Рахат» АҚ ресми жауап берді

Кәмпиттен табылған құрттарға қатысты «Рахат» АҚ ресми жауап берді

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде зиянкес жәндіктердің құрттары табылған кондитерлік өнімдерді көрсететін фотосуреттер мен бейнематериалдар таралуда.
Мұндай таратылымдар тұтынушылар арасында қатты алаңдаушылық туғызатындықтан, біз осы жарияланымдарға байланысты түсініктеме беруді жөн көрдік. «Рахат» АҚ өз өнімдерін ҚР ІSО 9001-2016 СТ сәйкес шығарады. Біздің басты міндетіміз - тұтынушыларды сапалы және қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету. Кәсіпорындағы өндірістің әрбір учаскесінде СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкес жүйелі түрде санитариялық-гигиеналық бақылау жүргізіледі. Біз кондитерлік өнімдерді өндіру мен сақтауға қатысты барлық санитариялық нормалар мен ережелерді сақтауға кепілдік береміз. Сақтау шарттарын өрескел бұзу салдарынан кондитерлік өнімдерде тағамдық күйе көбелектерінің құрты (дернәсілі) пайда болады. Зиянкес жәндіктерден өнімдердің бүлінуінің ең басты себептерін атап өтер болсақ, олар: жәндіктердің тез көбеюіне және азық-түліктің бұзылуына қолайлы жағдай болып саналатын қоршаған ауа температурасының жоғарылығы, сонымен қатар жәндіктердің таралуына ықпал ететін және тез бүлінетін/бұзылатын бакалея өнімдерімен (жарма, ұн, жаңғақ, кептірілген жемістермен) кондитерлік өнімдерді жақын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталмауы. Бұл жағдай, көбінесе, шағын сауда орындарында, үй жанындағы дүкендерде, базарларда және т.б. жерлерде кездеседі. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін кондитерлік өнімдерді арнайы дүкендерден, ірі сауда желілерінен сатып алуға кеңес береміз, себебі аталған орындарда өнімдерді сақтау және сату/өткізу бойынша тиісті жағдайлар жасалған. Кондитерлік өнімдер мен кез келген басқа да тамақ өнімдерін сақтаудың белгіленген шарттары бар: оларды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кемінде 75%, ауа температурасы 8-24С болатын жерде сақтау керек.
Құрметті тұтынушылар! Кондитерлік өнімдерді үйде сақтаған кезде осы шарттарды (талаптарды) сақтауды естен шығармауды өтінеміз. Желдетілмейтін бөлмедегі сөрелер мен шкафтарда өнімдердің қозғалмай, ұзақ уақыт жатып қалмауын қадағалау керек. Осы қарапайым ережелерді орындау – жоғарыда аталған қолайсыз жағдайлардан аулақ болудың және жайдары көңіл-күймен шай ішудің бірден-бір кепілі. 


29 қараша 2019 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031