» » "Жиіркенемін": Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

"Жиіркенемін": Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Жанар Хамитованың өлімінен кейін, оған ән арнап, бейнебаян түсірген әріптестері жайлы не ойлайтынын ашық айтты. Эстрада жұлдызы мұндай адамдардан жиіркенетінін жасырмады деп жазады "Сенбілік серуен"бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Түсіпбаева марқұм әншіге өлең арнаған өнер иелері оның жаназасына келмегеніне шүйлікті.
"Жанар Хамитованың жерлеуіне қатыстым. Өнер адамдарынан Сиви екеуіміз ғана бардық. Негізі, ол туралы айтқым келмеген еді. Бірақ, сөз арасында өзі туып тұр. Жанар қайтыс болғаннан кейін, бір ер азаматтар "Мен соған арнадым, Жанарға арнадым" деп, құдай сақтасын бір бейнеклиптер жасап, жазбалар қалдырып жатты. Мен сондай адамдардан жиіркенемін.
Сен шын мәнінде дос болсаң, бар да ақтық сапарға шығарып сал. Сивидің сұрауымен Жанарға жерлес әрі әпке болғандықтан шетелден арнайы ұшып келдім. Заттарым Алматыға ұшып кетті. Мен өзім астанада қалып, Қарағандыға кеттім. Бір тәулік күтіп, Сиви екеуміз барып келдік.
Ал кейбір азаматтар, мемлекетте бола тұра ең соңғы ақтық сапарына шығарып салмай, артынан бейнеклип шығарып, хайп пен пиар жасап жатты. "Жақсы көріп едім, сүйіктім, досым еді" деді. Досың болса, еркек болсаң, ісіңмен дәлелде. Оны әйел жасаса мен үндемейтін едім. Бірақ, ер азаматқа ұсақтық жараспайды" , - деді әнші.
11 қараша 2019 ж. 2 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031