» » Ең ұзақ есімді қызылордалық қыз туралы не білеміз?

Ең ұзақ есімді қызылордалық қыз туралы не білеміз?


Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында ең ұзақ есімді қыз тұрады. Оның есімі 17 әріптен құралған. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Айсәуле Қарапаева жазған.
 
Әлемдегі ең ұзақ есім 1478 әріптен құралған. Оны оқу үшін он минут уақыт кетеді. Есімнің ішінде тарихи орындар мен танымал дипломаттардың және дінтанушылар мен ғалымдардың есімдері кездеседі. Танымал суретші Пабло Пикассо көпшілігіңізге таныс шығар. Бірақ суретшінің толық аты-жөні осы 12 әріппен шектелмейді. 93 әріптен құралған оның нағыз аты-жөні Пабло Диего Хозе Франциско де Паула Хуан Непомукено Криспин Криспиано де ла Сантисима Тринидад Руиз и Пикассо. Пикассо испандық болғандықтан мұндай шұбыртпалы аты-жөндер оларда сирек кездеспейді.
Ал біздің Қызылорда қаласында есімі 17 әріптен тұратын тұрғын барын біреуіңіз білсеңіз, енді екіншіңіз естімеуіңіз мүмкін. Аққаракөзайымсұлу Ғабитқызы отбасындағы тұңғыш немере болғандықтан, оның есімін қоюға барлығы қызығушылық танытыпты. Ата-әжесі әрқайсысының ұсынған есімдерін жинақтап Аққаракөзайымсұлу деп атауды жөн санайды. Оны жақындары еркелетіп Қаракөз дейді. Есімі ерекше жан ұстаздық жолын таңдапты. Бүгінде еліміздің білім беру саласына өз үлесін қосып жүр, – деп жазады тілші А.Қарапаева өзінің мақаласында.

20 тамыз 2019 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031