» » 95 жыл бұрын қайтыс болған бүлдіршін көзін ашып-жұмды (ВИДЕО)

95 жыл бұрын қайтыс болған бүлдіршін көзін ашып-жұмды (ВИДЕО)

Осыдан 95 жыл бұрын қайтыс болған бүлдіршін күн сәулесі жерге түскен бойда көзін ашып-жұмады десе сенер ме едіңіз? Ал мұндай жағдай Италиядағы сицилиялық Палермода орналасқан шіркеу ішінде күніге орын алып тұрады.
Сол шіркеудің жертөлесінде екі жасар бүлдіршіннен басқа екі мыңнан астам мәйіт сақталған. Толық аты-жөні Розалии Ломбардо есімді бұл қыз бала 1920 жылы өкпесі қабынып қайтыс болғанда оның Марио есімді әкесі қайғыдан қан жұтып, бұ дүниемен қоштасуға бел буады. Сол кезде белгісіз бір адам өмірден түңілген әлгі бейбаққа қызының денесін бальзамдауға былай деп кеңес береді: «Адам денесін бальзамдау тәсілі біздің эрамызға дейін ІІІ ғасырдан бастап Мысыр елінде ара-тұра кездесіп тұрады. Және ондай бальзамды кез келген адамның денесіне жаға бермеген. Бальзам тек таңдаулылар мен қалаулыларға, ел болып жиналып, дауыс беру нәтижесіне қарай жағылатын. Ал сіздің қызыңыздың жөні бөлек. Себебі, сіздің қызыңыз бейкүнә, періште қалыпында өмірден озды. Сондықтан сіздің шешіміңізге ешкім қарсы келе қоймас». Және ол адамның аты-жөні кім екені, қандай мамандық иесі болғандығын айғақтайтын туралы қандай да бір мәлімет жоқ.
Қайтыс болған қызының қасында мейлінше ұзақ уақыт болуды қалаған Марио Ломбардо еш ойланбастан сол замандағы аса танымал мысырлық Альфредо Салафия есімді бальзамдаушыны алдыртып, қызының денесіне уызға ұқсас ақшыл сары сұйықтықты жақтыртады. Бальзамдаушы алдымен Розалинаның денесіндегі қанды формальдегид қоспасына алмастырса, артынан бальзамды біркелкі етіп жағады. Және ол Мариоға қызының денесіне спиртті өзі белгілеп берген кесте бойынша жүйелі түрде жағып тұруды тапсырған екен.
Арада айлар өтіп, жылдар жылжысы да бүлдіршін мәйіті өте жақсы сақталған. Сондықтан болар бір ғасыр бұрын қайтыс болған екі жасар Розалия күніге таң ағарып атқан шақта міндетті түрде көзін ашып, жұмады екен. Сенбесеңіз мына бейнежазбаға қараңыз!


16 шілде 2019 ж. 2 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031