» » "Бірге – Таза Қазақстан" акциясы

"Бірге – Таза Қазақстан" акциясы

20 шілдеде еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин «Бiрге – Таза Қазақстан» жаңа экологиялық акциясын бастап берді. «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді» деген болатын премьер-министр. Иә, бұл акция аз уақыттың ішінде еліміздің барлық өңірінде қолдау тауып, белсенді жүргізілуде.
Қолға қолғап киіп, қоқысқа арналған қапшығын қолтықтаған жандардың көздегені бір. Басты мақсат – көрнекі орындар мен табиғи аумақты қоқыстан тазартып, таза ұстау. Акцияға мемлекеттік қызметкерден бастап қарапайым халыққа дейін белсенділік танытып жатыр. Әлеуметтік желілерде кең тараған эко-челленджге #Birge #TazaQazaqstan хештегі қойылып, жазылған сурет пен жазбалар жетерлік. Бір ғана «Инстаграм» әлеуметтік желісінде осы хештегпен белгіленген 3000-нан аса сурет жүктелген.
Жоба аясында қармақшылықтар Сырдария өзенінің бойын қоқыстан тазартып, сонымен қатар ауданның шығыс жағында орналасқан «Қараөзек» теміржол көпірінен бастап, батысындағы теміржолдың үстінен өтетін көпірге дейінгі аралықтағы шойынжолдың екі бетін тазартуға өз үлесін қосты. Мұнан бөлек үлкен жолдардың бойы мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме дана халқымыз. Барлығымыз бірлесе, белсене қатыссақ әлі талай белесті бағындырамыз. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
14 тамыз 2019 ж. 1 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930