» » ҚОҒАМ ДАМУЫНА ОҢ СЕРПІН

ҚОҒАМ ДАМУЫНА ОҢ СЕРПІН

Тірлік кешіп отырған қоғамдағы ана мен баланың риясыз күлкісі, шынайы шат бейнесі әрине, береке мен бірліктің арқасы. Көне көздеріміз айтқандай, анасы мұңаймаған, баласы жыламаған елдің бағы бес елі. Бүгінде мемлекетте көпбалалы аналарға көптеген қолдау көрсетілуде. Әлеуметтік атау­лы көмектен бөлек, мекеме, кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымдары да белсенділік танытып, ана мен баланы қанатының астына алуда.
Осындай тегін жолдамаға қол жеткізгеннің бірі – «Алтын алқалы» ана Зейнеп Исмағұлова. Ол жақында орта мектепте оқитын қызымен бірге Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Кемербастау елді мекенінде орналасқан «Таң нұры» шипажайында он күн тегін демалып қайтты.
– Жасым елуге таяса да бұған дейін шипажайда болған емеспін. «Балаларды жетілдіремін» деп жүріп, өзіме қарауға уақыт болмапты. Үйде бала тәрбиесімен айналыстым. Қайырымды жандардың көмегімен былтыр жұмысқа тұрдым. Қазір Жосалы кенті орталығындағы орта мектептің бірінде жұмыс істеймін. Жақсы адамдар жанымнан табылуда. «Таң нұрында» өзім секілді облыстың 23 «Алтын алқа» иегері баласымен келіп, тынықты. Оның ішінде өңірден екі ана: бірі – өзім болсам, бірі – Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Роза Орнықбаева. Онда бірқатар іс-шараға қатыстық. Таудың таза ауасын жұтып, жидек тердік. Суға шомылып, жергілікті жердің тарихымен таныстық. Киелі орындарға ат басын тіреп, тәу еттік. Перзенттерімнің арқасында Қазақстанның кең байтақ жері мен табиғатын тамашаладық. Көпбалалы аналар бас қосқан шипажайдағы күндеріміз көңілді өтті. Отбасының күйкі тірлігінен ұзап, демалуға мүмкіндік жасаған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетіне алғысымыз шексіз, – дейді жеті балалы ана.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіп­одағы комитетінің төрайымы Жұлдызай Ке­тебайқызының айтуынша, бізде мұндай ша­раның басталғанына биыл үшінші жыл. Батыр аналардың денсаулығын сауықтыруға байланысты тегін жолдама берілсе, балалар лагерь есебінен тынығуда.
– Былтыр «Күміс алқалы» аналарды ты­нығуға жіберсек, осы жазда «Алтын алқалы» үш ана кәсіподақ комитеті арқылы шипажайға жолданды. Ана мен балаға көрсетілетін қолдау алдағы кезеңде де жалғасатын болады. Себебі бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында атап көрсетілген басым бағыттың бірі, – дейді Ж.Молдабаева.
Дүниеге ұрпақ әкеліп, оны бағып-қағу ана үшін аз мехнат емес. Содан болар қазақ атамыздың: «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да мойныңдағы парызыңды өтей алмайсың» дейтіні. Ана – ұлттың тәрбиешісі. Сол себептен де анаға жасалған жағдай, ұлтқа көрсетілген құрмет.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
06 тамыз 2019 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 362
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930