» » АЛЛО, БҰЛ 103 ПА?

АЛЛО, БҰЛ 103 ПА?

Жедел-жәрдем дегенде көз алдымызға жүйткіген көлікпен науқас жандарға көмекке асыққан ақ халатты абзал жандар елестейді. Біреудің өміріне араша түсуге асығып бара жатқанын  көресің де, қобалжи бастайсың. Өйткені «жылдам көлік» жаны қиналған кісіге асығып барады. Осындай халық алдындағы міндетін қалтқысыз орындап жүрген жандарды жазғыратындарымызда аз емес. Осыған байланысты жедел-жәрдемнің бір күндік қызметін көруге бел будық.
Біз жедел-жәрдем бөліміне барғанда  шамамен ымырт үйірілген шақ еді. Есік алдында белгіленген үш  бригаданың біреуі ғана болды. Қалған екеуі шақыртумен кеткен екен. Кіре бергенім сол еді№60 бригаданың екі фельдшері де шақыртуға  жиналып жатыр екен. Жөн сұрасып, біліскеннен кейін жолға шықтық. Баратын мекен-жайымыз – Батыс көшесі, №8 үй. Науқастың есімі – Мырзалы Аманжолов. Жол бойғы әңгімеміз осы кісі жайында болды. Науқастың дерті біраз жылдан бері дендеп келе жатқанға ұқсайды. Асқазанның обыр дертіне шалдыққан. Күніне осы науқастан2-3 рет шақырту түсетінін жасырмады жедел жәрдемдіктер.Сонымен біз белгіленген мекен-жайға да келіп жеттік. Қызметкерлер шалт қимылдап, төргі бөлмеге  өтті. Керуерт үстінде жасы егде тартқан, өңі бозарған қария жатыр. Қасында қызы мен жұбайы зыр жүгіріп жүр. Жедел-жәрдем қызметкерлерінің бірі дереу қан қысымын өлшеуді қолға алса, екіншісі дәрі-дәрмек әзірлеп жатты. Қарияның жанына батқан дерттің бетін қайтарып жеделжәрдемдіктер қайта жолға шықты.     
21:38. Бөлімге келгеніміз сол еді фельдшердің телефонына тағы да шақырту   үсті. Бағытымыз- Қармақшы көшесі, №8 үй. Бұл жолы да көптен бері төсек тартып жатқан науқас Роза Тұрдалиеваның   үйіне бардық. Оның диагнозы бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі. Жағдайы орташа деңгейде. Науқастың ауруы жанына батпаса дәрігерлерді жөнсіз мазаламайтын көрінеді.  Көрсетілген емнен кейін бөлімшеге бет алдық.
22:02. Бөлімге жетпей жатып тағы да хабарлама келді. Бұл жолғы шақырту Марал баба көшесі, № 19 үйдің тұрғыны Д.Дагировтен еді. Науқастың қан қысымы көтерілген. Фельдшерлер өздерінің алғашқы көмегін көрсетіп жатты.Науқастың жанында бақылып, әдеттегіден ұзағырақ отырды. Науқастың көңілі жайланғаннан кейін бөлімшеге қайта келдік.
23:45. №59 бригада жедел-жәрдем бөліміне  жетті. Жүздерінен шаршаңқылық байқалады. Соған қарағанда «Шақырту» көп болғанға ұқсайды. Бұл топ кешкі сағат 17:00 ден түнгі 24:00 ге дейін қызмет көрсетеді.
00:03 №59 бригада қайтатын шағында тағы да шақырту түсті. Бір емес екі бірдей көлікпен екі бригада баруға міндеттелді. Шақыртудың себебі бір әйел мен екі баланың көмірқышқыл газынан иістенуі. Дәрігерлердің айтуы бойынша балалардың жағдайы орташа. Бірақ әйелді ауруханаға әкелуге тура келді.
Жарты сағатқа жуық бөлімшеде отырдық. Күн ұзақ безілдеп қоймағандиспечер Айнагүл Ақболтаеваның да телефоны тынышталды.
- Қазіргі күні біздің жедел-жәрдем бөлімі облысқа қарайды. Шақырту бірінші кезекте сол жаққа түседі, содан кейін бізге баяндалады. Күніне 60-70 шақырту болады. Қазір таңғы 8-ден бері 46 шақырту тіркелді. Ауру атаулы түнде қозады. Мейрам күндері тіпті көбейеді. Тамақтан улану, күйіп қалу, тағы басқа.  Бүгін балалардан келген шақырту аз. Ылғи ересектер. Кейде үш бригаданың  үшеуі де шақыртумен кетіп қалып жатады. Сол кездебөлімде жалғыз өзім қаламын,-деп А.Ақболтаева ағынан жарылды.
Тыныштық. талай дерттің бетін қайтарған жеделжәрдемдіктер тоңа бастады. Үлкен шаруаны тындырғаны жүздерінен байқалады. Күрес. Дертпен күрес. Бұл ақхалаттылардың күнделікті тірлігі. Тынымсыз тіршілікте бұл кісілердей жанталаса жүріп жұмыс істейтіндер аз. Уақытпен санаспай, түн-күн демей өңір халқының саулығы үшін күресіп келеді. Былайғы жұрт жеделжәрдемдіктерге сын айтқыш. Сынды айту оңай, ал тірлік ету бір бөлек. Дерт атаулы тыншыған уақытта жедел-жәрдем қызметі туралы әңгіме тарқатыла бастады. Алдымен жүргізушілер назын жеткізді.
- Тұрғындар бізді кешігіп барады деп жатады көбіне.  Біз кешікпейміз. Себебі бізді телефон арқылы, GPS арқылы қай жерде бара жатқанымызды, қай кезде шыққанымызды облыстан бақылап отырады. Кейде кешігетін жайттар болады.  Көшені тапқанмен үйді таппай әлекке түсеміз. Нөмірсіз үйлер көп. «Пәленшенің» үйінің жанында дейді. Жобалап барамыз, әйтеуір. «Жастар» көшесі, «Мөлтек», «Жол бойы» көшелеріне барсаңыз, шақырту түскен үйді табу аса қиын... Болмаған соң «есіктің алдына шығып тұрыңызшы» деп өтініш айтамыз. Осы жайға мән берілсе дейміз.Тағы айта кетері, темір жолды кесіп өтетін шойын жолдың үстінен көпір салынса. Біз күткенмен, науқас күтпейді. Кейде бір пойыз, кейде бірнеше пойыз өткенде ғана ұзақ кідіруге тура келеді. Әйтпесе, көлігіміз бен өзіміз шақыртуға дайын тұрамыз ғой»,-деді жедел- жәрдем жүргізушілері.
   Иә, не нәрсені көзбен көрмей, тон пішуге болмайтынын тағы да білгендейміз.Уақытпен санаспай жұмыс істейтін ақхалаттылардың жанында жүріп, біраз жағдайға да қанық болдық. Жедел жәрдемшілер шынында да жан арашашысы екен.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ.
10 ақпан 2018 ж. 1 293 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 23:12
Online Chemist Usa Priligy Dapoxetine Critique levitra brand online Vente Levitra Levitra 10 Mg Orosolubile Prezzo Farmacia Achat De Viagra En Suisse

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031