ШЕБЕР

«Ел іші – өнер кеніші» демекші, Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылын  қазақжұрты  «Шайырлар мекені» деп атайды. Өйткені, бұл ауыл жүзден астам жыр жампозы түлеп ұшқан қасиетті өлке. Десе де, аталмыш аймақ тек ақын-жыраулар ғана емес, ел басқарған қоғам қайраткерлері мен шешендер,  жезтаңдай әншілер мен зергерлік ісімен қазақ еліне танылған шебер, ұсталар, сонымен бірге дархан даланың дарабозы атанған еңбек майталмандары өсіп-өнген киелі атамекен.
Небір дарын иесін үкілеп өсірген Тұрмағамбет ауылындабүгінде аға буын өкілінің ісін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген жандар жетерлік. Соның бірі – Жеткерген Алтыруов жылқының ері мен жүгенін, ат әбзелін жасаушы шебер.
Жеткергеннің әкесі Ілияс пен оның әкесі Алтыру заманында қамшы өру мен ер жасаудың шебері атанған.
Бала кезінен әке қасынан шықпай қамшы өрудің қыр-сырын терең меңгерген шебер  бұл кәсіпті уақыт өте келе өміріне серік ете бастайды. Қамшының 4 өрімінен бастап 24 өріміне дейін өріп, есімі өңірге танылған Ілияс әке баласына айтулы кәсіпті үйретуден аянбағанға ұқсайды. 
«Әке көрген оқ жонар» демекші, ата кәсіпті жалғастырған Ж.Ілиясұлы Тұрмағамбет,  Ақжар, Алдашбай ахун ауылы тұрғын­дарына тапсырыспен  ертоқым, жүген, шылбыр даярлап, сол сияқты халқымыздың қазыналы өнері қамшы өреді.
– Ерді әкем секілді ағаштан емес, алюминнен соғамын. Себебі ер жасайтын ағаш қазір жоқтың қасы. Ал алюмин – жеңіл әрі аттың арқасына батпайды. Жүген, тартпа, ноқтаның  түр-түрін істеймін, – дейді шебер.
Бір қызығы, ауылдағылар Жеткерген Ілиясұлының атбегілік қасиеті де бар екенін айтады.
– Ел рас айтады. Жүйрік атқа жастайымнан әуеспін.  Әкем, әкемнің бауыры Мақсұтай да атбегілікпен айналысқан. Менің де бәйгеге шабатын сәйгүлігім болды. Дегенмен ата-бабадан келе жатқан атбегілікті дәріптеп, ауылдағы шабыс аттарын баптауға қолдан келгенше көмектесудемін, – дейді Жеткерген Ілиясұлы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
17 шілде 2019 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031