» » ЖАҚСЫ ЖОЛ — елге ортақ игілік

ЖАҚСЫ ЖОЛ — елге ортақ игілік

Бүгінде жол мен көлік мәселесі өзекті саланың бірі саналады. Себебі жол – тіршіліктің күретамыры. Қазіргідей бір отбасында 2-3 көліктен келетін заманда сапалы жол керек-ақ. жолдың сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолы кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының зор мүм­кіндігі ашыла түседі.
2019 жылғы автомобиль жолының сапасы бо­йынша мемлекеттер рейтин­гінде (Quality of roads) Қазақстан 138 елдің ішінде 115-ші орынға орналас­ты. Биыл да бірнеше жыл қатарынан басты орынды олжалаған Біріккен Араб Әмірлігі көшбасшы атанды. Алғашқы «ондыққа» сондай-ақ Сингапур, Швейцария, Гонконг, Нидерланды, Жапония, Франция, Португалия, Австрия және АҚШ кірді. Аталған  елдің басым көпшілігі жер аумағы шағын мемлекеттер.
Қазақстанда автокөлік жолының жалпы ұзындығы шамамен 146 мың шақырымнан асады. Дегенмен, соның 96 мың шақырымы ғана ор­тақ пайдалануға берілген автокөлік жо­лының желісі. Оның көп  бөлігі жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев Қазақ­стан Президенті қыз­метіне ресми кірісу рә­сіміндегі сөй­леген сөзінде осы саланы дамытуға жеке тоқталған болатын.
– Маңызды, халықты мазалайтын мәселенің бірі – жолдың сапасы. Сол себепті, автожолдың жағдайын жақсарту – біздің негізгі мақсатымыздың бірі, – деді Мемлекет басшысы.
Иә, өзге өңірден келген жақын-жуығымыз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолының аудан аумағы екіжолақты екеніне біраз уәж айтатын. Онысы да орынды. Себебі Қызылорда қаласынан оңтүстік бағытқа қарай жол төртжолақты, ал солтүстік ба­ғыты екіжолақты екені белгілі. Қазіргі таңда бұл халықаралық жолда ағылған автобус пен жүйткіген жүк көлігі көп.
Күре жолды кеңейту алдағы уақыт еншісіндегі іс деп білеміз.
Ауданымызда жол мәселесі шешімін тауып келеді. Елді мекендегі көшені жөндеу жұмысы да қалпына келтірілуде. Мәселен ауданға іргелес жатқан Төребай би ауылына баратын жол бұрын нашар болса, қазіргі таңда жол жөндеуден өтті. Ауыл тұрғындары аудан орталығына 15-20 минутта жылдам жетеді. 
Түйін
«Жол – экономиканың күретамыры» деген қазіргі заманғы нақыл бар. Көптеген елді мекен үшін автожол басты әрі жалғыз қатынас арнасы болып отыр. Оның жағдайын жақсарту – ауылды гүлдендірудің негізгі бір шарты болмақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 шілде 2019 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 155

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930