БАТАДАН АРТЫҚ БАҚ БАР МА?
Бәрін біліп, көріп туған ешкім жоқ. Бірақ ата-анадан туғанда Абай айтпақшы, «көрсем, білсем, үйренсем» деп ұмтылады. Қанша білімді болғаныңмен адаммен қарым-қатынасың түзу болмаса биік емессің. Қай істе болсын алдымен сыйластық пен ауызбірлік керек.
Мұнымен не айтпақпыз? Жосалы кентінде ауданға белгілі «Сұлтан» мейрамханасы бар. Ашылғалы адам үзілген емес. Бағасы мен ұсынар асы көңілге қонымды, қалтаға қолайлы болған соң той-томалақ пен асты осында өткізуші көп. Бірде той жасамақ ниеттегі бір апамыз тапсырыс бермек болып «Сұлтанға» барады. Алдынан құрақ ұшып қаршадай қыз Маржан Бақтиярова шықса керек.
– Қарағым, сенен басқа ересек адам жоқ па? Той жасау оңай емес. Көптен күткен қуанышымыз еді. Ақылдасып, мейрамхана иесінен кеңес алуым керек, – дейді. Сонда 17 жастағы Маржан тойхана иесі едім деп айтуға ұялып, екі беті оттай алаулап, ойланып қалады. Той жасаушы да қайта-қайта ескертіп, нақтылап, күдікті көңілмен кете барса керек. Бірақ Маржан өз ұжымымен сол тойды жоғары деңгейде өткізіп бергенде разы болған анамыз ақ жаулық пен иығына арнайы қамзол жауып, батасын беріпті. Осылай басталған жұмыс қысы-жазы жалғасын тауып, мейрамхана қызметкерлері халық алғысына бөленіп келеді. Мұндағы ерекшелік – Маржанның үлкенмен де, кішімен де тез тіл табыса білуінде. Әрбір тойды өзінікіндей етіп сезінуінде.
– Үлкен әулеттің бас қосып, ас беруі дәстүрде бар. 2017 жыл. «Алтындар» ескерткіш қойып, 600 адамға ас берді. 2 кезекке тұрып кірген соң бәріміз жүгіріп жүрміз. Соңында басшылық жасап жүрген ата: «Балам, еңбегің адалынан. Иманды қыз екенсің, ибалы келін бол. Біздің жақсы жолымызды берсін. Абыройға бөлен», – деп мойнындағы медалін тағып кетті. Батадан артық қандай бақ керек. Мені қанаттандыратын алғыс пен ризалық. Рас, бастапқыда оңай болмады. Өзімнен жасы үлкен аға-әпкеге қалай бұйыра сөйлеймін деп қуыстандым. Әкемнің сенімі мені әркез жігерлендіреді. Сылтау айта бастасам тыңдағысы келмейтін. Үнемі «қолыңнан келеді, ақылың мен білімің жетеді» деп мені қолдайды. Тойхана құрылысы басталысымен менің соған жетекшілік ететінімді жоспарлап қойған екен. Ішкі жұмысы әлі бітпеген кез. Азанмен ерте оятып, «Бар, көр, әрі қадағала» – деп тапсыратын. Мектепті енді ғана бітірген қыз бәрінің ретін, жөнін, ыңғайын саралай бермейді ғой. Әкемнің жасынан білсін, үйренсін деп баулығанын кейін түсіндім. Қазір осы кәсіпте жүргеніме 5 жылдан аса уақыт өтті. Тәжірибем толықты. Күннен-күнге жаңарып, жаңғырып жатқан уақытта бір орында қалып қойғым келмейді. Қазір өзіме деген сенім мен бойымда батылдық басым. Жастықтың ерекшелегі де осында шығар, – дейді кейіпкеріміз. Ол қазір өзін дамыту мақсатында үлкен қалада кәсіп бастап, бағын сынауда. Шет елге барып оқып келсем деген арманы да жоқ емес.
Иә, Маржан кішіпейіл. Дөрекі сөйлеу, басшы боп бұйыру, біреудің шамына тию – оған жат. Басты ұстанымы – жақсы маман болумен қатар жақсы адам болу. Жанындағылармен қарым-қатынысы жылы. Жоқ болса жасымайды, бар болса тасымайды. Ол үшін адамның бәрі бір. Бөліп жармайды. Тапсырыс берушінің тұрмыс жағдайын назардан тыс қалдырған емес. Мүмкін болса жеңілдік жасап, шама-шарқынша сапалы даярлауға тырысып бағады.
Ол мектепті «Үздік аттестатпен» бітірген. Нұршат Наурызбаева мен Айнұр Алтыруованың жетекшілігімен аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі ғылыми жоба, мүшәйралардан жүлделі оралған. Биыл «Еуразиялық банк» ұйымдастырған «Шағын бизнестегі әйелдер» курсына 1240 нәзік жанды қатысуға ниет білдірсе, 30 адамға тегін жолдама беріліпті. Сол жолдаманы жеңіп алып, 4 ай курсқа қатысқанның бірі – Маржан. Тойханаға басшылық жасай жүріп, Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығын алған. Мұнымен қоса қолында «Дизайнер-көркемдеуші» сертификаты бар. Яғни кәсібінің құжат жүзінде де, іс жүзінде де нағыз маманы. Газеттің өткен сандарында мамандық таңдаудың маңызы жайында мақала жазғанбыз. Сонда жастардың өз бейімі бар мамандықты таңдамаудан, кейін басқа салада қызмет ететіні сөз болған еді. Бір анығы – Маржанның мамандық таңдауда қателік жібермегені аян.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА