ЕЛ АРЫСПЕН БІРГЕ
№121 орта мектеп ауласы. Жүк тиелген көлік тұр. Жан-жағы қаумалаған адам. Не сатып жатыр екен деп әлсін-әлсін келушілер. көліктің тұрған себебін біліп, қолдағы мен қалтадағы барын берушілер бар. Бұл арыстық ағайынға жөнелтетін азық-түлік еді.
Апат айтып келмейді. 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімше қоймасында жарылыс болған-ды. Айдың күннің аманында төбеден жай түскендей болдық та қалдық. Арты өртке ұласқан қайғылы жағдай көп адамның өміріне қауіп төндіруде. Бас амандығын ойлаған қандастардың жай-күйі кімді болсын алаңдатады. Кемедегінің жаны бір дейміз. Олар қиналып жатқанда біз қалай қол қусырып отырмақпыз? Осылай бастама көтерген Әділ Ыбрахим бастаған ауданның белсенді жастары. Небәрі бір күннің ішінде әлеуметтік желіге хабарландыру таратып, «Арыс, біз біргеміз!» акциясын ұйымдастырды. Қармақшы ауданы тұрғындары тарапынан арнайы автокөлік жасақталып, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағаларының демеуімен күнделікті қажетті тауарлар, азық-түлік, 6 тонна күріш жиналды.
Көмек қолын ұсынсам деп алып ұшқан тек жас пен кәрі емес. Бала да бар. Алаңда футбол ойнап жүрген 13 жасар Абдулазиз есімді жасөспірім дереу достарының балмұздақ пен тәтті сусынға жұмсайтын ақшасын жинапты.
– Аға, акция басталғанын желіден көрдік. Көмек көрсеткіміз келеді. Бірақ көп ақшамыз жоқ. Осыны біздің атымыздан қосыңызшы, – деп азғантай азық-түлігі мен бала жөргегі (памперс) бар қалтаны қабылдап отырған жігіттің қолына ұстатты. Көріп тұрып жүрек елжіреп, бой шымырлап кетті. Нағыз патриот деп қалай айтпайсыз? Арқасынан неге қақпасқа? Қайырымды, мейірімді, ұлтжанды ұлдардың өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш пен ертеңге сенім ұялатпай ма?
Мұнан бөлек зардап шеккендерге жастар ресурстық орталығы мен жастар қоғамдық бірлестіктері, жалпы аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты өз еріктерімен қолдау көрсетті. Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдірді.
Арысқа аудан тұрғындарының аманатын аман алып баруды аудандық жастар мәслихатының депутаты Сабихан Жүнісов пен "Алаш ұландары" ҚБ жоба үйлестірушісі Сүлеймен Мырхиев жауапкершілігіне алды. Олар жерлестердің үні мен тілегін, ниеті мен көмегін жеткізіп те үлгерді.
Дүние мен ақшаға құнықтық дейміз. Бәлки, солай шығар. Бірақ біздің жерлестер, біздің аға-інілер бірінің басына іс түссе бәрі жұмылатынын дәлелдеді. Осылайша шын көмекке зәруге барын беретін жомарт жандардың көптігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА