Індетпен күресу - міндетіміз

Елбасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18-қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2018 жылғы 25 маусымдағы №110 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын орындау мақсатында Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп» жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жемқорлық әрекетінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар тұрақты жүргізілуде.
Түрлі шара жасап жалаулатқанымызбен бұл мәселе шешіле қоймасы анық. Сол үшін ел болып біріксек қана, белсенділік танытып, бір үйдің баласындай атсалыссақ қана оң нәтижеге қол жеткізеріміз анық.
Сәкен ЗӘРІПХАНОВ,
Қармақшы аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы.
Қармақшы аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы.