» » ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕТІСТІГІ

ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕТІСТІГІ

ҚАЗІР БІЛІМДІНІҢ ЗАМАНЫ. ОҚЫҒАН ОЗАДЫ, ТАЛПЫНҒАН ТАБАДЫ. СОЛ СЕКІЛДІ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ «ЗЕРДЕ» ҮЙІРМЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕ КӨПТЕГЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҚОРҒАП, ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА БАҚ СЫНАУДА. ОНДАҒЫ МАҚСАТ – БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРУ.
Аталған үйірменің оқу­шылары сабақтан тыс уақытта білімін шың­дауға дағдыланған. Жас ғалым­дардың жетістігі де жетерлік. Атап айтқанда, №27 мектептің 3-сынып оқушысы Ж.Жексенбайұлы ха­лық­аралық пәндік олимпиада­да бас жүлдеге ие болса, «Жас ғалым – 2019» атты ғылыми жоба байқауында үздіктер қатарын түйін­деген. Осы білім ошағының 3-сынып оқушысы Р.Мұқамбетқалиқызы аудандық ән байқауында жүлделі орыннан көрінсе, республикалық, халықаралық ән сайысында бәсі биік шығып жүрген өнерпаз. Ол «Нұрлы жастар» тақырыбындағы рес­публикалық жасөспірімдердің өнер додасында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша лауреат атанса, №250 мектеп-лицейдің 2-сынып оқушысы Д.Қошалақова үйірмеге үзбей қатысатын талапты шәкірттің бірі. Ол да «Жас ғалым-2019» ғылыми жоба байқауының ІІ орнын қанжығасына байласа, «Нұрлы жас­тар» республикалық байқауында «Шығарма» номинациясы бойынша І орын дипломанты. Үйретері көп үйірмеде алғырлар аз емес. Соңғы кезде көзге жақсы түсіп жүрген Абай Қалдыбек те айтулы байқаудың І орнын жеңіп алса, Бейбарыс Мұқамбетқалидың жобалары республикалық ғылыми жинаққа енді.
– Балалар оқу-білімге құштар. «Зерде» жас зерттеуші үйірмесінің зерек те зейінді оқушылары әлі талай шыңды бағындырады, – дейді үйірме жетекшісі А.Өткелбаева.
Иә, «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері А.Ордабекқызы өзі баулып жүрген жас шәкірттерін әркез мақтан етеді. Жас ғалымдардың жетістігінде оқушылар үйінің директоры И.Әбдібекованың, сон­дай-ақ оқу-ісі жөніндегі орынбасар Қ.Манасова мен оқу әдіскері А.Әбдірееваның да өзіндік үлесі бар.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 1 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930