» » МЕЙІРІМДІЛІК МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

МЕЙІРІМДІЛІК МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

ЖҮРЕГІҢДІ ЖЫЛЫТҚЫҢ КЕЛСЕ – ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА. ОСЫ БІР ТӘМСІЛ АСТАРЫНДА ҚАНШАМА СЫР ЖАТЫР. КЕЙДЕ ШАМАДАН ТЫС ТОҚШЫЛЫҚ ТА АДАМ САНАСЫНА СЫЗАТ САЛЫП, ОНЫҢ БІР ДЕМДЕ ӨЗГЕРІП ШЫҒУЫНА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ. АТАҚ-АБЫРОЙДЫ ДА БІРЕУ КӨТЕРСЕ, БІРЕУ КӨТЕРЕ АЛМАЙ СОНЫҢ ШЫЛАУЫНДА ЖҮРЕДІ. ӘДЕТТЕ, МҰНДАЙ ЖАҒЫМСЫЗ ДҮНИЕ ПЕНДЕ ЖҮРЕГІН ҚАТАЙТЫП, МЕЙІРІМСІЗ ЕТЕДІ. АЛ, ОДАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛЫ БАР МА?
Расымен де қатігездік пен қат­тылықтан сақтанудың бір ғана жо­лы бар. Ол – рухани тазалық пен айналаға қолдан келгенше қайыр қылу. Биылғы жылдың бір ерекшелігі – көктем келгелі бері көп істің көбесі сөгіліп, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылуда. Соның бірі – Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Айқаракөз» бишілер тобы мен ондағы мың бұралған биші қыздардың ата-аналары ұйытқы болған мейірімділік шарасы. Жомарт жүректі жандар алдымен Жосалы кенті орталығындағы «Қармақшы ата» мешітіне ат басын бұрып, ата-баба әруағына дұға ба­ғыштады. Мешітте ауданның бас имамы Жақсыбек қажы Әбенов жиылған қауымды рамазан айымен құттықтап, аталған тақырыпта уағыз айтты.
Мұнан соң балалар мен ата-аналар көпбалалы ана Әсемкүл Көп­босынованың отбасына бұрылып, ша­ңы­раққа сый-құрметін жасады.
– Бала бақытты болса – ана бақытты. Қазақ – мұсылман халық. Қан­дай жағдайда да бір-бірін демеп отырған. Сол себептен де айналамызға көңіл бөліп, көмектесуіміз керек. Бәріміздің де баламыз бар. Бір есептен қасымызда бірге еріп жүрген кішкентай қыздарымызға көрсеткен үлгіміз болса, бір есептен отбасы балаларының шат күлкісін көру – бізге де үлкен қуаныш, – дейді ардагер-ұстаз Роза Қыпшақбаева.
Міне, рамазан айы да босағамыздан аттады. Айлардың патшасы – ораза айында жасар жақсылығыңыз бен істер қайырымдылығыңыз қабыл болсын.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
12 мамыр 2019 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031