» » ЕСКІРГЕН ҮЙЛЕР ҚАЛЫПҚА КЕЛУДЕ

ЕСКІРГЕН ҮЙЛЕР ҚАЛЫПҚА КЕЛУДЕ

УАҚЫТ ПЕН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ӨМІРГЕ КЕЛГЕН «ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУА­ШЫЛЫҒЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙНАЛЫП ОТЫР. КЕНТІШІНДЕ ЕРТЕРЕКТЕ САЛЫНҒАН ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТІП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІРШІЛІГІ ҮШІН ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒЫ КӨБЕЙЕ БАСТАҒАНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ БҰЛ ОЛҚЫЛЫҚТЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРА АЛМАЙДЫ. ЕСКІ ҮЙДІ ТҮГЕЛІМЕН БҰЗЫП ТАСТАУ МҮМКІН ЕМЕС. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖӨНДЕУДІҢ ЕКІ МЕХАНИЗМІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.
Біріншісі – үйді толық кешенді модернизациялау. Үйдің шатырын, сыртқы қа­бырға, жертөле, подъезд секілді ортақ пайдаланымдағы орындарды жөндеу, сыртқы есік пен терезені ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Ал екінші механизмі – бөлшектеп жөндеу. Шатырды немесе жеке қабырғаны қалыпқа келтіру.
Жөндеу жұмысы тұрғын үй иелерінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұған барлық үй иесін иландыру, сендіру, көндіру мүмкін емес. Бірінің қалтасы көтергенімен, бірінің жағдайы жетпейді. Ауданымызда екі қабатты үй көп демейміз. Дей тұрғанмен олардың ахуалы мәз емес. Жаңбыр жауса төбеден сауғалап су ағып, әбігер шегетіндері қаншама. Шатырын ауыстыруға тағы қауқарсыз. Мұндайда үй-жай, пәтер, меншік иелерінің көбісі өздері тұрып жатқан үйді Қазақстан Республикасының тұрғын-үй ком­муналдық шаруашылығын жаңғыр­тудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сай модернизациялаудан өткізуге ұсыныс жасайды. 2013 жылы құрылып күні бүгінге дейін жұмыс істеп келе жатқан аудандағы «Туған ел келбеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестік осы жұмысты қадағалайды. 2012 жылдан бері Төретам кенті мен ІІІ Интернационал ауылын қоса есептегенде 15 екі қабатты үй модернизацияланған. Бұрын тұрғындар 10 жылға келісім-шартқа отырып, жасалған жұмысқа айына 4-5 мың теңгеден төлейтін болса, 2017 жылдан бастап 15 жылға созылған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері ортақ мүлік пен үйді ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға міндетті. Ортақ мүліктің және дара меншіктегі үй-жайлардың сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты болады. Ал өздерінің ортақ мүлігін жаңғыртуда кімнің қызметін пайдаланып, қандай мер­ді­герді таңдаймын десе де тұр­ғындардың құқықтары бар.
Қазір Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, №3, 5 үйлерге «Бола­шақ» мердігер мекемесі жөндеу жұ­мыстарын жүргізуде. Шатыры жаңартылып, подъезд қа­лыпқа келіп, сыртқы есігі мен тере­зесі ауыстырылған үйдің жұ­мысын көрмекке біз де бардық. Тұрғындармен сөйлестік. Құрылыс қызметін күнделікті бақылап отырған олар сапасы көңілімізден шығып, талапқа сай орындалмаса қабылдамайтындықтарын алға тартты. Үйімізді ТҮКШ арқылы модернизациялаудан өткізді делік. Бірақ, жөндеу жұмыстары бірнеше жылдан соң сыр беріп, сылағы көшіп, шатыры ұшып кететін болса, оның шығынын кім өтейді? Мұндай жағдайда кімге шағымдана аламыз? Тұрғындардың осындай сұрақтарына жауап іздеп «Туған ел келбеті» ЖШС-не де ат басын бұрдық.
– Мердігер шартында жұмыс сапасына кепілдік мерзімі көрсетіледі. Сол уақыт аралығында жасалған қызметтен ақау шықса мекеме қайта өңдеуден өткізуге міндетті. Жұмыс қойылған талаптарға сай болуы керек. Қабылдап алғанда мұның бәрі тексеріледі, – дейді «Туған ел келбеті» ЖШС директоры Руслан Мереков.
Осы үйдің бір пәтерінің тұрғыны Айгүл есімді келіншек: – «Жұмыстан шар­шап келіп табалдырықтан ат­та­ғаннан ақ таза подьезд көңіліңді кө­те­реді. Бұрын еңсеміз түсіп жү­ретін. Біраз жаңарып қалды», – десе, жеке бизнеспен айналысатын Аман: – «Ойын залым осы үйдің бірінші қабатында. Көркі көз тартатын нысан болса келушілер де көбейеді. Қалта көтерсе барлық үйді осылай жа­ңартуға болар еді», – деген пікірін білдірді.

Түйін:
Орталықта орналасқан екі үйдің біршама ажары кіріп қалды. Сырт көзге сүйсінерліктей. Бұл үйлердің жөндеу жұмысы әлі біткен жоқ. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы аясында жасалған жөндеу жұмыстары толық түген­деліп, бақылауға алынады. Өйткені халықтың қалтасынан шыққан қаржы солардың қамы үшін жұм­салуы тиіс.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
03 мамыр 2019 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930