» » ӘУЛИЕ СУҒА БАРДЫҢ БА?

ӘУЛИЕ СУҒА БАРДЫҢ БА?

Аудан орталығы – Жосалыдан 110 шақырым қашықтықта жатқан Қуаңдария ауылына қарай бет бұрып келеміз. Ондағы мақсат – ыстық бұлақтың суына шомылу. Аудандық мәдениет үйінің «Газель» автокөлігі асфальтпен алға зулап келеді. Көктемнің нышанын білдірген боп екі күннен бері жаңбыр да тоқтаусыз жаууда. Көліктің әйнегіне бүркіп-бүркіп қояды.
Діттеген ыстық бұлағымызға да жетіп жығылдық. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұлақтың басынан қысы, жазы адам арылмайды. Сондай-ақ азаннан қара кешке дейін шомылады. Ауыл маңынан шеткері жатқан бұлаққа алыстан назар аудардық. Бір қарағанда, алып бара жатқан ештеңесі жоқ секілді көрінеді. Дегенмен, бұл жерге келетін халықтың қарасы қалың. Сонымен қоса, үзілмейтіндігінде. Бұлаққа ат басын тірегенде, суға шомылып кетіп бара жатқан бірнеше бозбаланы кезіктірдік. Күн тұманданып, қараңғы тартып қалған еді. Бұлақтың сырты темірмен қоршалыпты. Биіктігі екі метрден асатын үлкен трубадан су жоғары атқылауда. Сыртында ілініп тұрған ер адамның киімін көріп, күте тұруды жөн санадық. Бұл – ауыл тұрғыны Хасен Бейсенбаев болып шықты. 
– Жұмыстан шыққан соң осында келіп, суға түсеміз. Жаның жайланып, күнұзаққа шаршағаның бір басылады. Ұйқың да жайлы. Денең де таза. Қауаңдариялықтар үшін ыстық бұлақтың қысы, жазы жоқ. Бұлақ суы жылы. Жергілікті халық қалаған кезінде келе береді мұнда, –  дейді ағамыз.  
Бұлақтың тарихына келсек, 1974 жылы геологиялық барлау жұмысымен мұнай іздеушілер атаулы жерді бұрғыланғанға ұқсайды. Әйтсе де, бұл жерден мұнай емес, жерасты ыстық суы атқылаған. Ауылдықтардың ойынша, мұнан басқа жерлерден ыстық су табылған. Дегенмен геологтар олардың бәрін қайта жауып кеткен де, Қуаңдариядағы ыстық бұлақты ашық қалдырған. Міне, содан беріде жарты ғасырға жуық уақыт өткен. Бұлақ сырттан келетіннің де, ауыл тұрғынының да керегіне жарап тұр. Әсіресе, емдік қасиеті мол бұлақ суына сұраныс бір толастамаған.
Бұл жайында ауыл тұрғыны Салтанат Баймаханова судың атқылауы алғашқы кезбен салыстырғанда, әлбетте азайғанын айтады. Дегенмен, бұлақ суының емдік қасиетіне ешкім шүбә келтіре алмас. Жаз мезгілінде өзге өңірден арнайылап іздеп келіп, дертіне шипа іздейтіндер жетерлік. Көрші Тұрмағамбет, Ақжар, Алдашбай ахун ауылдарынан жатып ем алатындар да бар. Шипа су жараға, шаршағанға, суық тигенде тапсырмас дауа екен. Мектеп мұғалімі Ғани Құндақбаев ыстық бұлақтың екінші аты – «әулие су» екенін алға тартады.
– Бұлаққа қамқорлық керек. Біреу иелік қылса, кәсіптің де көзін ашуға болар еді. Бұлақтың басына бірнеше рет жөндеу жүргізілді. Соңғысы 1981 жылы туған ауыл азаматтары жасады. Бұлақтың басына көлеңкелік пен орындықтар орнатып, сыртын қоршап берді. Қонағымызды осында әкелеміз. Сол себептен де бұлақ маңының әсем де таза болғаны жөн, – дейді ол.      
Түйін.
Әр елді мекеннің өзіне тән ерекшелігі бар. Дүр Оңғар ауылы ақ күрішімен мақтанса, Тұрмағамбет – жырау-шайырымен елге мәшһүр. Ал, Қуаңдария қашан да мал шаруашылығының құтты мекені атанған. Халқымыз «Иненің тілін тапқан, көрпе көктейді» деген. Шаруашылықпен қоса, әлі де болса әулие судың қадір-қасиетін арттыру керек секілді.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
                        «Қармақшы таңы».   
02 сәуір 2019 ж. 1 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930