» » Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері

Иондық сәулелердің тірі организмге тұтастай алғанда әсерін, зиянды әрекетін, медицинада, өндірістегі қолданысы жөнінде жеке тұлғалық қауіпсіздікті білу иондаушы сәулелердің жасушаларға, тіндерге, мүшелерге және ағзаға әсері туралы білімдерін нығайту мақсатында, жасушалардың, мүшелердің және ағзаның радиосезімталдылығы және радиосезімталдылықты модификациялау туралы және тіршіліктің қауіпсіздік нормасы түсініктерін қалыптастыру үшін қажет.
Радиобиологиялық зерттеулердегі ерекшелікте, сәулеленіп қалуды арнайы анықтап көз жеткізуге болатын арнаулы жолдары бар. Оның негізгісі көптеген айқындалған радиациялық агенттердің табиғи физикалық сәулелік әсерді әлденеше тексеріп, реакциялардың шығынындағы жауапты басты критерияларын анықтайды. Иондық сәулеге жалпы биологиялық жауап беру заңдылығын көрсетеді, соның негізінде сәулелік реакциялардың организмге әртүрлі модификациялық заттармен қандай көмек алу мүмкін екендігін, радиациялық қауіпсіздік шегін және жіберілу мөлшерін анықтайды.
Жеке тұлғаның радиациялық қауіпсіздігі тақырыбын оқыту барысында толық мағлұмат беру, адам организміне және денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қамтылады, ол бағдарламаларға сай болуы керек. Созылмалы және жедел сәулелену кезіндегі адамдардағы радиациялық зақымдардың қалыптасуын есепке ала отырып, радиацияның әсеріне ұшырағандардың арасында емдеу және профилактикалық шараларды жүргізілу қажет болады.
Халықаралық негізгі қауіпсіздік нормаларын сақтау, иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдардың және бүкіл халықтың қауіпсіздігіне сенімді кепілдік беретін дүниежүзілік ғылымның мәліметтері. Жасанды және табиғи сәулеленудің барлық әсер етуі жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиациялық қауіпсіздік нормаларын қолданады (РҚН-99). Олар, негізгі доза шектері иондағыш сәулеленудің рұқсат етілген әсер деңгейлері және адамның сәулеленуге ұшырауын шектеу жөніндегі басқа да талаптар түріндегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, талаптардың шектейтін негізіне алынатын құжат.
Иондағыш сәулелену қандай да бір ортадан өткен кезде олармен өзара әрекетеседі. Дегенмен жоғарыда келтірілген сәулелену түрлерінің затпен әсерлесуі кезінде әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бар. Сонымен, радиациялық агенттер, сыртқы орта факторының бірі ретінде, адамзатқа тудыратын қауіптіліктен, радиацияның нормалық қауіпсіздігі, одан сақтанудың және тіршіліктің қауіпсіздігінің
бақылану қажеттілігі туындайды. Осы келтірілген факторлар, әруақытта әрбір тиісті дәрігер мамандардың, өз қаперінде болуы шарт.
ҚР  ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің зертхана маманы 
Матжанов К.С.




29 наурыз 2019 ж. 2 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930