» » АУЫЛДЫҢ БАЛАСЫ

АУЫЛДЫҢ БАЛАСЫ

Студенттік кездің қызығы біте ме? Бірде жатақханаға жерлесін іздеп Шелектің бір топ баласы келді. Өздері үш-төртеу. Фаеде біраз күтті. Іздеген адамы сабақта болып шыққасын күтулеріне тура келсе керек. Түске таманғы уақыт. Төртінші қабатты әрлі-берлі кезе бергесін «ауылдың баласы» ғой деген оймен бөлмеме кіргізіп, дастархан жайдым. Әрине, студенттік дастархан. Алдында ғана бауырсақ, бәліш қуырғанмын. Соны алдарына тосып, қонақжайлылық таныттым. Бір кезде төмендегі кезекші жоғарыға көтеріліп, мені телефонға шақырып жатқанын айтты. Ойымда арам ешнәрсе жоқ, төменге түсіп қайта келсем, бөлмемның кілті сыртынан кілтеніп тұр. Мұнысы несі екен деп таңданумен кілтті бұрап, ішке кірдім. Шифонердің есігі ашық қалыпты. Оның үтсіндегі шабадан да аузы ашылған күйі жатыр. Сонда ғана мұнда бір шикіліктің барын сездім. Дереу қарай бастадым. Шабаданда да, шифонерде ілулі тұрған киімімнің қалтасында да ауылдан әкелген біраз ақшам бар еді. Жұмсамай жексенбінің барахолкасын күтіп жүргем. Соның бәрін үптеп, тып-типыл етіп кетіпті, әлгілер. Не істерімді ілмей абдырадым. Артынша есіме, құда балаларым түсті. Физкультурныйдың студенттері. Шетінен борец. Дереу соларға хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Шай беріп отырғанымда «Тастақ» базары туралы айтып отырғандары есімде қалыпты. Құда балаларға да олар не болса да базарға кеткен болар дедім. Таксимен біз де жетіп бардық базарға. Расымен де, кіре берісте бір қап балық саудалап тұр екен бір-екеуі. Шетке шақырып сөйлестік. Мені танымайтынын айтты біреуі. Құда баламның ашуынан қорықты ма екіншісі мені «танимын» деді. Білегі жуан туыстарым әңгімені төтесінен басып, ақшаны сұрады. Олар да басын алып қашқан болды. Бір кезде маған құда баламның бірі: «ақшаңды танисың ба?», – деді. Қайдан есіме түскені, бір купюрада «1000» деп қара қаламмен жазылған сан сарт ете қалды. Содан соң шелектік жігіттер қалтасындағы ақшаларын шығарып, көрсете бастады. Құдайдың қарасқаны болар, мен айтқан купюра көп ақшаның ішінен жарқ етіп шыға келді. Дегенмен, шамалысы жұмсалып кетіпті. Ақшаны бүтін алмасам да құда балалардың адалдығына, адамгершілігіне риза болдым.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».


26 наурыз 2019 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031