» » Солақайлық бақ па, сор ма?

Солақайлық бақ па, сор ма?

Әлі есімде. Мектеп жасымда домбыра үйірмесіне тоғыз бала қатыстық. Үйірме жетекшісі кезекпен домбырамызды шертіп, құлағын оңқайға бұрап барлығын бір дыбысқа келтірді. Жаныма жайғасқан Еркіннің аспапты ұстауы ерсі көрінді. Бір бағытқа қараған домбыралардың ішінде жалғыз өзі сол бағытта ұстап отыр.
Бұл көрініске таңырқай қараған ұстаздың «солақайға домбыраны қалай үйретем?» дегені бізді де таңқалдырмай қоймады. Әсілінде солақай аспаптың дыбысын оңқаймен үйлестіріп құлағын бұрау қиынның қиыны еді. Уақыт өте Еркіннің солақайлық таланты бәрімізден басып озды. Ұстаздың үйреткен дәрісін сол мезетте қағып алып орындап беретін. «Талант тас жарады, тас жармаса бас жарады» дегендей бүгінде ол солақай талантының арқасында сахнаның саңлағы атанып, көрерменнің көзайымына айналып жүр.
Біз айтқан әңгіменің әлқиссасы солақайлықтың сырында болмақ. Өмірде сол қолымен ас ішіп, жазып, түрлі аспаптың құлағында ойнаған дарын иелері аз болмаған. Туа біткен ерекше жаратылыс бүгінде талай адамды танымал етті. Мамандардың айтуынша, солақайлықтың белгісі баланың үш-төрт жасында белгілі болады екен. Бұған алаңдаушылық туғызып немесе оңқай қыламын деп күш салудың қажеті жоқ. Өйткені бұл әрекет баланың ойлау қабілеті мен дамуын тежейді. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез құлқы өзгеріп ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін. Солақайлардың оңқайларға қара­ғанда есте сақтау қабілеті мен ақылдылық коэффициенті жоғары болады екен.
Себебі миының сол жақ жарты бөлігі жақсы дамыса керек. Сонымен қатар олардың солақай болып тууы психологиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын білдіреді. Солақайлар өте эмоцияға берік келеді. Көп жағдайда оң қолмен жұмыс істейтіндер кез келген суретті және затты тура қабылдайтын болса, ал сол қолмен жұмыс жасайтындар көп ойланып логикалық тұрғыда тереңірек ізденіп қорытынды шығару оларға көп уақытты қажет етеді.
Кей жағдайларда солақайларды құптамайтын жайттар да бар. Мәселен шариғатта сол қолмен іс-әрекет жасауға қарсы. Көбінесе оң қолдың бейіміне көп жүгінеді.
– Солайқайлық туа бітті тәрбиелеудің әсерінен қалыптасқан дейтін болсақ, оны түзеуге болады. Ал кей кісілер табиғатынан солай жаратылуы мүмкін. Жаратылысынан көзі көрмеу секілді, яғни оң қолдың қабілеті сол қолға берілуі арқылы солақай болады – деді бас имам Жақсыбек Әбенов. Пайғамбарымыздың бір хадисінде тәрбиеге қатысты айтқаны да бар. Бірде Пайғамбарымыз алейһиссалам бір адамның сол қолмен тамақ жегенін көріп, оған үш мәрте «Оң қолыңмен же!» деп бұйырады. Әлгі адам «Бұған шамам жетпейді, оң қолмен жей алмаймын» деп өтірік айтады. Пай­ғам­барымыз оған «жей алмай қал» дейді. Осыдан кейін ол адам шыныменде оң қолымен тамақ жей алмайтын болып қалады. Шариғатта кез келген істі оң жақпен оң қолмен бастауды бұйырады. Ал сол қолмен ішіп жеу ол ібілістің іс-әрекетінен делінген.
Қазір күннен күнге дамып келе жатқан ғылымның өзі құрсақта жатқан сәбидің солақай не оңқай екенін небәрі 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Оны білу аса қиындық тудырмайды. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса – оңқай, сол қолының бас бармағын сорса – солақай болып дүниеге келетіні анықталған. Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген әрбір 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Осыдан-ақ солақайлардың сирек жаратылыс иесі екенін мойындамасқа амалымыз жоқ. Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатынын алға тартады. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, есімдері жалпақ әлемге танымал мынадай жайсаңдар тіл ұшына оралады. Олар әйгілі солақайлар Пушкин, Толстой, Аристотель, Наполеон, Чарли Чаплин, Леонардо да Винчи, Елизавета патшайым, сондай-ақ Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш және Билл Клинтон т.б. болса, қазақ халқында да асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар атақты сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиев сол қолымен домбыра шерткенде талай оңқайды шаң қаптырғаны бәрімізге белгілі. Сонымен қатар қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова, спорт тілшісі Сейдахмет Бердіқұлов, танымал бок­сшылар Серік Сәпиев пен Бақыт Сәрсекбаев, және әнші жұлдыздар Нұрғали Нүсіпжанов, Дас­тан Оразбеков, Төреғали Төреали, күйші Мұрагер Сауранбаевтар солақай дарын иелері қатарынан. Дегенмен солақайлар ниеттенсе кез келген кәсіптің шыңына шығып үлкен маман бола алатыны тарихтан дәлелденген. Тарих демекші, бүгінде бүкіләлемдік солайқайлар күні бар. Ол ең алғаш 1992 жылы 13-тамызда аталып өткен. 1990 жылы британдық Солақайлар клубы атаулы датаны атап өтуді ұсынған.
Солақай кемшілік емес, адамның еркінен тыс жаратылысынан пайда болатын дүние, басына қона бермейтін ерекше қабілет. Дегенмен жоғарыда біз айтқан жайды саралап, солақайлық сорым екен деп қабылдамай, басыма қонған бақ деп бағалаңыз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
19 наурыз 2019 ж. 2 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031