» » Қандай оқуды таңдаймын

Қандай оқуды таңдаймын

№277 орта мектепте 2017-2018 оқу жылының 9 сыныпты бітірген түлектері ізбасарлары 9 сынып оқушыларымен кездесуге келді. Қандай оқуды таңдаймын, қандай мамандық иесі боламын деп толғанып жүрген оқушыларға көп ақпарат берілді. Сабыр Рақымов атындағы "Жас ұлан" республикалық ұландар мектебінің ұланы Мырзагулов Мадияр өз оқу орнын алдымен бейнетаспа арқылы таныстырып, сонан соң республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі - "Жас ұландар" мектебі туралы толық мағлұмат берді, оқуға шақырды, талапкерлерге кеңестер берді. Келесі түлегіміз Бержанов Олжас Кентау қаласындағы ГСХ көпсалалы колледжде оқиды. Олжас осы оқу орнын таңдағанына жəне осы оқу орнына түскеніне қуанатынын жасырмады. Оған себеп те бар екен: білімді, білікті ұстаздар қауымы; оқу орнында, жатақханада студенттерге қажетті жағдайдың барлығы қарастырылғандығы; студенттер арасындағы жақсы қарым-қатынас. Біздер дің байқағанымыз, Олжас үшін негізгісі-болашақ мамандығына деген қызығушылығы, ертеңгі күнге мол сенім, үлкен мақсаттары бар. Өз оқу орнын мақтан еткен тағы жастарымыздың бір тобы-күні кеше мектептің түрлі іс-шараларының ортасында жүрген белсенді оқушыларымыз, бүгінгі күні Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы өнер колледжінің шəкірттері Нарманов Құрмет, Ермекбаева Асылзат, Оразбаев Ернар. Болашақ еліміздің өнер саласына өз үлесін қосатын домбырашылар мен баянист. Бəрі де стипендия иегерлері. Өз уақыттарын босқа жібермей, сүйікті өнерлерін шыңдау үшін осы оқу орнына түскендеріне қуанатындарын айтты. Кездесу соңында Асылзат пен Ернар орындаған күміс күйлер мектеп шаңырағына шəкірттерінің үлкен сағынышпен келгендігін білдіргендей еді... Мектеп директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зайра Сейтжанқызы Шукирова кездесуге арнайы келген студенттерге рақмет айтып, сүйікті мамандықтарының иесі болып, биік белестерден көрінулеріне тілек білдірді.


19 қаңтар 2019 ж. 1 272 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 08:47
Mode D'Utilisation Du Viagra Uti Keflex canadian pharmacy cialis Is Cephalexin A Antiviral Drug

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 190
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031