» » Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қалай атануға болады?

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қалай атануға болады?

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019-2020 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/у медициналық анықтама  формасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;  
6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші  жарты жылдық табелі қабылданады);
Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім мекемелерінің сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа жалпы орта мектептің 7-9 және 11 сыныптарын толық аяқтаған үміткерлердің Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқықтары жоқ.
6-1) Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін  шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

7) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
– Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген  мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда
-  Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында төмендегі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к. 6, тел.: 8 (7242) 55-11-51.
Тестілеу 2019 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.  Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

syrboyi.kz

10 қаңтар 2019 ж. 1 094 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 04:33
Il Dangereux Cialis Sin Receta Medica Once Daily Amoxicillin viagra online pharmacy Viagra En Vente France Safe To Take Amoxicillin In Pregnancy Cialis Espanol

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031