» » БАЛАҢЫЗ ҚАУІПСІЗ БЕ?

БАЛАҢЫЗ ҚАУІПСІЗ БЕ?


Мьянмодағы жағдайды білесіз бе? Пиротехникалық бұйымдар бай­ланған әуе шарын көкке ұшырады. Ауада қалықтай ұшқан шар әп-сәтте отқа оранып көрініс тамашалауға келген қалың көрерменнің үстіне келіп құлайды. Не керек, қаншама адам зардап шекті. Құдай сақтасын, бірақ біздің де балаларымыз осын­дай пиротехникалық отшашу бұйымдарын қолдарына ұстап тұтандырып ойнап жүр. Нұсқаулық ережесінде салютты жерге тігінен жоғары қаратып қойып оталдырып алыстан тамашалайды. Ал оны дұрыс пайдалана алмасаңыз, денсаулығыңызға зияны тиюі немесе материалдық зардап шегуіңіз мүмкін. Сұрақты төтесінен тастайық. Сіздің балаңыз қауіпсіз бе?
Мерекенің белгісі ғой, базардың қай бұрышына барсаңыз да, көз жауын алып бенгал алауы және сол сияқтылар менмұндалап тұр. Үлкен-кішісі керек десеңіз бәрі бар, көлеміне қарай бағасы да қойылған. Қымбат емес, қолжетімді. Баланың сұрағанын алып беріп, тіпті қолына ақша ұстатып «өзің таңдап ал» деген сыңай көрсетіп ерік беріп те жатамыз. Енді мынаны қараңыз... Әлгі отшашуды сату барысында саудагердің сол затты қолдану ережесі мен сақтық шарасын сізге ескертіп түсіндіріп жатқанын көрдіңіз бе? Әрине, жоқ. Оған тауары өтіп, қалтасы қамписа болды, жетіп жатыр.
Осындай келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп сауда орындары және мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
– Базарда көбінесе пиротех­ни­калық бұйымдар өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес келмей сатылады. Сатушы төтенше жағдай болған кезде не істеу керек екенін де білмейді. Сондықтан, «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп, балаға әріп танытқандай үйретуіміз керек. «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөз бекер айтылмаған, – деді аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы Еркін Назарқұлов.
Сала мамандарымен бірге мұнан соң дүңгіршек базарларды араладық. Аралау барысында ашық сатылымда тұрған отшашу бұйымдарын көрген жоқпыз. Дүкендердің өзінен де таппадық, нәтиже бар. Осындай түсіндірме жұмыстарының арқасында соңғы екі жылда ауданда ешқандай оқыс оқиғасы тіркелмепті-міс. Әйткенмен, біз барғанда ғайып болған отшашулар ертең мереке күнінде әрбір үйдің ауласында жарқ-жұрқ етіп, аспанға бағытталатыны жасырын емес. Бәлкім, «хабар келгенде», сатушының үстелінің астына «бас сұғып кететін» болар?! Біз кеткен соң, іннен шыққан тышқандай ірімшікке бет бұруы ғажап емес.
Жыл тәмамдалған тұста жанұшыра пиротехникалық бұйымдармен күресті үдетеміз. Бастысы – қауіпсіздік. Болашақтың қауіпсіздігі. «Балам – болашағым» деген елміз. Байқаңыз балаңыз қауіпсіз бе?

Ерсін Сәдуұлы
03 қаңтар 2019 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031