» » ЕСКЕРТПЕЛЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

ЕСКЕРТПЕЛЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

Таң. Қалтафонға келген хабарламаның сыңғырынан шошып ояндым. Дала тарс қараңғы. Көзімді тырнап,  келген хабарламаны ашсам 112-ден екен. Күнделікті жіберетін «Қызылорда облысында 15-20 м/с желдің ұйытқу қатері» деген жазба. Мән берместен желең киініп сыртқа шықтым. Үй мен жұмыс арасы жақын болғасын жаяу жүріп келемін. Сол кезде күннің суығынан қалай тоңғанымды сездім. Кейде осындай ескертулерді ескермей жатамыз. Бірақ, оның салдарынан нендей оқиғаға тап болатынымызды да біле бермейміз.


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қаз­гид­ромет» РМК деректері бойынша аймақ тұрғындарының ұялы телефонына дабылды ескертулер, ауа-райының қолайсыздығына байланысты 112 нөмірі бойынша хабарлама таратады. Алайда, бұл ескертулерді тұрғындар назарға алмайды. Соның салдарынан өзі зардап шегеді. Мәселен, биылдың өзінде желдің қатты ұйытқуынан 2 білім ошағының шатыры ұшқан. Анау бір жылдары қытымыр қыста ескертілген хабарламаға мән бермей, жеңіл көлікпен жолға шығып, жол апатына түскендер  де бар. Бір емес, бірнеше көлік. Көктайғақ болатыны ескертілсе де, бей-жай қараудың салдарынан.

Бізге ескертулер тарататын 112 нөмірі тек хабарламашы емес. Егер келеңсіз жағдай орын алса осы нөмірге хабарласуға да болады.
– Бүгінде адам өміріне қауіп төнгенде, тек бір ғана құтқару қызметінің нөмірге хабарласуы ғана жеткілікті. Сол кезде білікті маман қажетті құтқару қызметін жолдап, олардың жұмысын қалай орындағанын қадағалап отырады. 112 нөмірінің қоңырауына ұялы телефондар мен кез келген стацио­нарлы телефоннан хабарласуға болады. Нөмірге хабарласу тіптен ақысыз. Тіпті, байланыс жоқ жерде, төтенше жағдайларға тап болған кезде де телефон жақын жердегі байланыс арқылы қоңырау шалады. 112 нөміріне телефонда сим-карта жоқ кезде, бірлік болмаған кезде де қоңырау шалуға болады. Көп адам 112 нөміріне хабарласқан кезде, үрейге бой алдырып диспетчердің сұрақтарына дұрыс жауап бере алмай, бағалы уақытын жоғалтып алады. Шұғыл әрекет етуді қажет ететін хабарды түсінікті әрі нақты уақытында жеткізген абзал, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты  Еламан Жамбылұлы.

Сондай-ақ, құтқарушылар батареялар мен қуыстарда қыстырылап қалған ойын баласына да көмекке келеді. Саусақтары ісініп кетіп, сақиналарын шеше алмаған әйел де құтқарушылардан көмек сұрайды-мыс. Олар далада жоғалып кеткен, қарлы боранда қалып қойған адамдарды іздестіреді. Су тасқыны мен өрт кезінде адамдар мен мүліктерді тасымалдау жұмысын жасайды.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тек адамға ғана көмек көрсетіп қоймай, су құбырында қалып қойған мысықтар мен иттерді алып шығады.

Бірде мынадай оқиға орын алды. Отбасымызбен Тараз қаласына қыдырып бардық. Таулы жер болғасын жер сілкінісі көп болады. Сонымен қалтафон мен радиодан, теледидардан 7 балдық жер сілкінісі болатынын хабарлады. Ауылдан мұндай нәрсені көрмеген біз үрейліміз. Тұрғындардың барлығы киім-кешегін жинап, үлкен-үлкен ғимараттардан сыртқа ағылып жатыр. Арасында біз де жүрміз. Содан не керек, бір үйдің баласындай ашық жерге құшақтасып отырып алдық. Біраз уақыттан соң қозғалып жатқанымды байқадым. Бұл – жер сілкінісінің бастамасы еді. Әрі-бері теңселткен соң тым-тырыс тоқтай қалды. Барлығымыз дерлік дін аманбыз. Міне, мұндай ескертпелер келгенде оған құлақ түрсек нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, қауіп айтып келмейді. 

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
19 желтоқсан 2018 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031