» » АДАМГЕРШІЛІК – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ

АДАМГЕРШІЛІК – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ

Үш жүз жыл патшалық Ресейдің, 70 жылдан астам Кеңес одағының қыспағында болған қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарынан ажырап қалуға жақындап, ұрпақтар санасында қанымызға жат көптеген келеңсіз үлгілерді де қалыптастырғаны жасырын емес. Соның салдарынан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тиым ұрпақ санасында көмескіленіп, олардың арасынан қатыгез, безбүйрек ұл мен әдепсіз бойжеткеннің, үйлене сала ажырасушылардың қатары өсуде.


Бұрынғы ата-бабамыздың «Ұят болады, обал болады, сауап болады» деп берген тәрбиесі ұмытылып, ұятты, обалды, сауапты түсін­бейтін ұрпақ қарасы көбеюде. Қоғамдық сананы, рухани жан-дүниемізді, ұрпақ тәрбиесін, басқа да құндылықтарымызды жаңғырту мақсатындағы Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы дер кезінде жарияланып, ол халықтан кеңінен қолдау тауып, бүгінде оны жүзеге асырудың көптеген шарасы жүр­гізілуде.

Мақалада «Жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодты сақтай білу» деп ерекше атап көрсетті. Ұлттық кодтың сан салалы тараулары бар екені баршаға аян. Халқымыздың тарихи дамуы барысында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-сананың, басқа да ұлы қа­сиеттеріміздің бірі – адамгершілік, адалдық, иман­дылық екеніне сөз жоқ. Адамгершілік деге­ні­міздің өзі – ар, ұят, имандылық, мейірім­ділікті өз өмірінде басшылыққа алып өмір сүру емес пе? Осыған байланысты оқыған, естіген, көрген бір-екі оқиғаны аз да болса «оқырман қауымды иман­дылыққа бет бұруға әсер ете ме» де­ген оймен осы мақаламды көпшілікке ұсынып отырмын.

Ақын Д.Нәзікбаевтың аудандық «Қармақшы таңы» газетіне «Ой түрткі» айдарымен жария­ланып жүрген мақалаларының бірінде ауылдасы Нұрқаш деген азаматтың кезінде Алпуан жерлесінен алған бір бас түйесін, оның қайтыс болуы, бұл туралы ұрпағының ешнәрсе білмеуіне қарамай,  түйені өскен төлдерімен балаларына тапсыруы нағыз адамгершілік, азаматтық екеніне шүбә жоқ.
Ғұлама Алдашбай ахунның баласы Омар мақсұм Ұлы Отан соғыс кезінде Ресейдегі ірі өндіріс орнында еңбек армиясында жұмыс істеп жүргенде жерлес татар жігіті аштықтан пайда болған ауыр науқастан қайтыс болып, оны жерлеу кезінде киімінен шыққан азын-аулақ тиынды өзі бірнеше жыл қи­ындықта жүрсе де сақтап, елге оралған соң, мар­құмның отбасына тапсырған екен. Бұған таң қалған татар жігіттің әкесі: «Мұсылманның бә­рі осы мақсұмдай болса, пенденің барлығы әл­деқашан періште болған болар еді», – деп ри­за болыпты. (Б.Нұржанов «Ахундар әулеті» кітабынан).

Бұл азын-аулақ тиын ешкімге байлық әкел­месе де Омар мақсұмның аманатқа адалдығы, ешкімнің ала жібін аттамайтыны, ешкімге қиянат жасамайтыны көпке үлгі боларлық емес пе?! Ол бабаларынан осындай тәрбие алып өскен еді.
Дүние-мүліктің, байлықтың арбауына түспей, өзімізден бастап отбасымызда, жүрген ортамызда адамгершілікті, адалдықты, имандылықты насихаттап, баға жетпес ұлттық қадір-қасиетімізді қайта түлетуге, ұрпақтар санасына сіңіруге бір кісідей ат салысып, рухани жаңғыруға үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр болған болар еді.

Сұлтанбек МЫРЗАБАЕВ,
аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.
27 қараша 2018 ж. 2 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 926

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031