Құрылтай
» » КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ

КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ

Қазақстанның сыртқы сау­да па­латасы Өзбекстан Респу­бли­касының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Ел­­­шілігінің қолдауымен Ташкентте «VIII Орталық Азия сауда форумы» халықаралық көрмесі аясында ұлттық стенд ұйымдастырды.
Қазақстан «Сауда мен инвестицияларды дамытудағы жаңа көкжиектер» тақырыбына арналған форумда машина жасау, кабельдік өнімдер, металлургия, агроөнеркәсіп секторы, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, құрылыс, сондай-ақ ме­дициналық бағыттағы заттар ұсы­нды. Біздің елдегі 29 компания үшін бұл шара көптеген әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік берді. Қазақстанның Ұлттық стендіне фо­рум­ның ұйымдастырушы өкілдері – Орталық Азия бойынша USAID ай­мақ­тық директоры Кристофер Эдвардс, АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Майер, Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің өкілі Алан Мельцер және Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Нодир Отаджонов қатысты.
Форум ұйымдастырушылары Қа­зақстан ұсынған Ұлттық стендтің жоғары сапасын, көрнекілігін және ақпараттық сыйымдылығын жоғары бағалады. Компаниялар заманауи та­лаптарға сай жоғары сапалы өнімдер шығаратын сенімді бизнес-серіктестер ретінде қазақстандық өндірушілердің имиджін одан әрі нығайтуға үлес қосты. Қазақстан өзбек кәсіпкерлерімен ке­ліссөздер барысында 1,5 миллион АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарттар жасасты, сондай-ақ 20 мың тонна балықтың азық-жемдерін жеткізу туралы келісімге қол қойды.
01 қараша 2018 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31