ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ АРТПАҚ
Елбасы Жолдауында айтылған маңызды мәселелердің бірі – ұстаз мәртебесі. Елбасы өз жолдауында: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», – деді.

Елбасының кезекті Жолдауында жастар мәселесіне тереңірек мән беріліп, келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – деген Президент сөзі талай жастың көңіліне үміт отын сыйлап, кеуделерінде алау жақты.
Сонымен қатар, Жолдауда айтылған білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту, қолжетімді баспана, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру сияқты халықтың күнделікті өміріндегі салаларға ерекше мән беруі ешбір әсірелеусіз қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеретін игі қадам. Сол себепті де, бұл басымдықтарды халық бір ауыздан қолдап, олардың нәтижелі жүзеге асырылуына белсенді қатысатынына кәміл сенеміз.
Шолпан ӘНУАРҚЫЗЫ,
С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.