» » ҮШТІК ОДАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҰҒЫНСАҚ...

ҮШТІК ОДАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҰҒЫНСАҚ...

Бұл күнде бала тәрбиесіне қоғам болып атсалысуды ұмытып, бар жауапкершілікті мұғалім мен тәрбиешінің мойнына артып қойдық. Ұлағатты деген ұлы тіркесті тек сөз жүзінде ғана қалдырып, іс жүзіне келгенде ұстаздың тұлғалық болмысына жете алмай келеміз. Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем берген халықты бүгін осы күйге жеткізген не нәрсе?! Мәселенің бір ұшы бұрындары тығыз қарым-қатынаста болған үштік одақтың ыдырағанына кеп тіреледі.
Әңгіменің ашығы, бұл күнде ата-аналар жұмысты басты орынға қойған. Баланың бас­ты қажеттілігі білім емес, қаражат тәрізді. Материалдық, тұрмыстық қажеттіліктің көлеңкесінде қалып қойған рухани азық жарыққа шықса, әрбір баланың шолпан жұлдыздай жарқырайтыны анық. Біздің мақсат – бір, сол баланың жарқырауына мүмкіндік беріп, қолдау жасау. Білім саласына енген тың жаңалықтар мен жаңа реформаларға байланысты мұғалім мен тәрбиешінің жауапкершілігі күн санап артып келеді. Тәрбиешінің де, мұғалімнің де, ата-ананың да илегені бір терінің пұшпағы болғанда ғана бала толыққанды тәрбиенің бал бұлағынан қанып ішеді һәм білім аламанында аты оза шабар тұлға болады.
Ата-ана өзінің ұсыныс-пікірін, ойын бөлісу мақсатында сауалнама, анкеталық сұ­рақ­тарға белсенді түрде қа­тысса игі. Оған қоса, жыл бойы жүргізілетін жұмысқа орай тәрбиешілерге сын-ескертпе, ұсыныс-пікірлерін де еркін білдіре алады. Өзекті мәселелерге, отбасы тәрбиесіне байланыс­ты тақырыптарға да ой қосу мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, ата-ананы педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдістері қарастырылған.
Мирамкүл ЕРМЕКБАЕВА,
«Айгөлек» бөбекжайы-бақшасының тәрбиешісі.
15 қазан 2018 ж. 1 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728