» » ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ НЕГЕ «ЖАСЫРЫНЫП ТҰР»?

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ НЕГЕ «ЖАСЫРЫНЫП ТҰР»?

Кент орталығындағы қиылыстардың басым көпшілігінде жол белгілерін таппайсыз. Тіпті таба қалған жағдайда өсіп кеткен тал бұтақтарының астынан көресіз. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасына әкеп соғары анық. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, фотонысанаға алдық.
Мұндай мәселенің бар екенінен кент тұрғындары да, жауапты тұлғалар да хабардар екені анық. Бұл ретте түйткілді түйіннің тарқауын сұрап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Жиенбаевтың атына хат жолдаған болатынбыз. Хатта бөлім басшысы тарапынан: «Жосалы кенті орталығындағы орнатылған барлық жол белгілері «Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде. Осыған орай аталған жол белгілерін күтіп ұстау және көмкерген ағаштарды балақтау, кей көшелерге жол белгілерін қоюға байланысты болып жатқан ке­дергілерді қалпына келтіру жоғарыда аталған мекеме арқылы атқарылуы тиіс» делінген.
Сондай-ақ, 2018 жылы жол қауіп­сіздігінің алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, кент орталығында 64 метр жасанды кедергі және 15 дана жол белгісі орнатылатынын айтыпты. Осы жерде еске сала кетейік, жасанды жол кедергісі арнайы серіппелі жабдықтан жасала ма, әлде қолда бар асфальтпен томпайтып өте шығамыз ба?! Тіпті көлік тоқтап өткенде, белгілі нормасы сақталмайтыны байқалады. Көлік қозғалтқышы жерге тиіп, қосалқы бөл­шектерін қолға ұстап кететіндей қорқасың. Қазір қазан басталды, бірақ жоғарыда айтқан жол белгілерінің орнатылып жатқанын көрген бір адам жоқ. Бәлкім, қыстың қытымыр аязында қар астынан орын дайындап, жол белгілерін орнататын шығар?! Қыста қармен араластырып асфальт төсейтін қазекемнен ол да шығуы ғажап емес.
Қош, мәселенің анық-қанығын сұрап, ау­дандық ішкі істер бөлімінің басшысы Е.Әб­дірахмановқа хат жолдағанбыз. Полковник басқаратын бөлімнің назарына ҚР БАҚ туралы заңды да салдық. Мерзімді БАҚ-қа жауап беруге міндеттелген уақытты да хатта арнайылап көрсеттік. Алайда, бөлім қалың ұйқыда тәрізді. Бәлкім, жол белгілерін аңдамай қалған жүргізушінің әрекеті оларға олжа болған шығар?! Беймәлім. Әйтеуір, сауал қоюын қойдық, бірақ жауап жоқ.
Тоқпақтай беріп қайтейік, тобықтай түйінін айтсақ, Көшербаев пен Қайнарбаев көшелерінің қиылысында жол белгісі ғайып болыпты. Мұндай көшелер жетіп артылады. Қалғанын анықтау тиісті бөлімдердің еншісінде. Сайдың тасындай іріктелген майталман мамандарға да жұмыс қалсын...
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
08 қазан 2018 ж. 2 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 006

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031