» » Ажарлы болу – ажал құштырды

Ажарлы болу – ажал құштырды

Өткен жылы Орал қаласында ота жасатамын деп сән салонына екі аяғымен барған азаматшаның күтпеген жерден ажал құшқаны көп жерде айтылды да жазылды. Құйқаны шымырлататын осыбір қорқынышты оқиға қыздарға сабақ болса екен дейсің. Онсыз жап-жас арудың жасына жетпей неге отаға құмартқанын көпшілік түсінбей әлек. Отаның кесірінен айрандай ұйып отырған отбасындағы үш балапан анасыз аңырап қалды. Бұл қаза – бір елдің төбесінен жай түсіргендей әсер етті. Кінәліні іздеу енді не бермек? Тапқан күнде анасы қайта оралып келе ме?

Сұлулыққа кім де болса іңкәр. Осы іңкәрлік – талай сұлудың түбіне жетіп жүрген сыңайлы. Кей әлеуметтік мәліметке сүйенсек, қоғамда тұрмыс түзелген сайын адам бет, дене сымбатына көбірек мән бере бастайды. Бірінші, бет терісін жасартуға көңіл бөлсе, екінші, үшінші кезекте, артық майдан арылу мен кеуде безін үлкейтуді көздейді. Әйтсе де «сұлулық үшін – жан пида» деп, қалтаңды қаққан ештеңе емес, оның кейде өмір мен өлім арасындағы өлшеуіш екенін де естен шығаратындаймыз. Әлемдік соңғы зерттеулерге қарағанда, дүние жүзінде жасалатын отаның 25 пайызы асқынуға ұшырайды-мыс. Бұл – жаман көрсеткіш. Яғни, отаға жатқызылған әрбір бес мыңыншы адам бақилық болады деген сөз.


Мұның басында дәрігердің біліксіздігі мен қателегі тұрары рас. Ота жасатушының жан рахатынан татқаннан гөрі тартатын азабының шаш етектен екенін хирургтер де ашық айтып жүр өмірде. Әлемге әйгілі өнер жұлдызы – Майкл Джексонның тағдыры немен аяқталып еді? Ондаған отаға түскен Элизабет Тейлор ше? Атақты Эльвис Преслидің әйелі Прицелла Преслиді де пластикалық отаның құрбанына айналды емес пе? Жасанды сұлулық – опа әпермеген. Оның өмірі ұзақ болмаған. Оны қасиетті дініміз де құптамайды.
С.Райымбаева

06 қазан 2018 ж. 1 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 256
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031