» » Талдықорғанда бір мектептің түлектері түгелдей грантқа түсті

Талдықорғанда бір мектептің түлектері түгелдей грантқа түсті

Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №24 лицейдің биылғы түлектері түгелдей дерлік мемлекеттік гранттың иегерлері атанды. Мектептің 27 түлегі де жақсы нәтиже көрсетіп, өздері қалаған мамандықтарына түскен деп жазады 24 Хабар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кадр 24 Хабар арнасынан алынды
Бұл Алматы облысы бойынша осындай нәтижеге жеткен жалғыз лицей. Мұндай табыстың сыры неде? Мұхтар Арын атындағы №24 лицейдің биылғы түлектері ұстаздарымен қоштасу үшін білім шаңырағына арнайы келді. Өйткені, жақында олардың кейбірі Астанаға аттанса, енді бірі Алматыға, тағы біреулері Қарағандыға жол тартады. Алда оларды қызыққа толы студенттік өмір күтіп тұр.
Әліби Қазиев ұлттық бірыңғай тестілеуден 112 балл жинап, грантқа ие болды. Ол сабақты өте жақсы оқумен қатар республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүрген. Биология пәніне ықыласы ерекше жастың алдағы арманы – ғалым-микробиолог болу.
"Мамандығым биотехнология. Яғни өзімнің еліме, мемлекетіме болашақта үлесімді қосамын. Себебі биотехнология ол болашақ мамандықтардың бірі. Ол өте медицинамен тығыз байланысты", - дейді №24 лицейдің түлегі Әліби Қазиев.
Грантқа мектеп-лицейдің 27 түлегі түгелдей ие болды. Шәкірттердің көпшілігі техникалық жоғары оқу орындарын таңдаған. Бұл облыстағы осындай нәтижеге жеткен жалғыз білім шаңырағы.
Түлектердің бәрі жақсы білім берген мұғалімдеріне дән риза. Тағы бір қуаныштары – биыл гранттардың саны 20 мыңға жетіп, оның ішінде техникалық мамандықтарға 11 мың орынның бөлінгені.
"2018 жылы облыстық деңгейде үздік олимпиадалық команда деген номинацияға ие болдық. 33 баламыз сол олимпиадаға атсалысып қатысып, 30-ы жаңағы бүкіл пәндерден жүлделі орын алды", - дейді №24 лицейдің директоры Мәрия Ғалиева.
Лицейде сабақ сегізінші сыныптан бастап 3 тілде – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кейінгі 2 жылда оқытушылар физика, химия, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде жүргізіп, мүмкіндіктерінің мол екендіктерін аңғартқан.
Лицей ұжымының алдағы мақсаты – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа оқу жылында да жоғары табыстарға жету.
15 тамыз 2018 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 232

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 336

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930