» » БАЛАҢЫЗ ОТ БАСПАСЫН ДЕСЕҢІЗ...

БАЛАҢЫЗ ОТ БАСПАСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Өркенді отыздықтың қатарына кірсек деп мақсат қойған елміз. Сөз жоқ, мақсатымыз – айқын, мұратымыз – асыл. Осындай жауапты шақта тек «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген ұтады. Ол үшін қоғамға керегі – тәртіп пен талап. Әсіресе, бұл тұрғыда жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ахуалы кімді де болса бей-жай қалдырмайды.Енді, ойымызды аудан көлеміндегі жастар мен жасөспірімдердің қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарына қарай ойыстырсақ...
Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы оқу жылында ауданға қарасты 29 орта мектепте 13973 оқушы білім алуда.
Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алуда басқа да құқық қорғау органдары, мектеп ұжымдарымен бірлесе отырып, әр тоқсан сайын «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, жыныстық қол сұғушылық, теріс діни ағымға үгіттеушілер, хиджап кию, жасөспірімдермен діни некеге тұру деректерін анықтау мақсатында оқушылар, ата-аналар арасында 193 дәріс, 38 кездесу, 7 семинар, 5 брифинг өткізілген.
Есепті мерзімде бөлімнің ювеналды полиция тобы­ның қызметкерлері 247 (2016 жылы-240) әкімшілік құ­қық бұзушылық анықтаса, оның ішін­де тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде заңды өкілдерсіз жүргені үшін 110 жасөспірім АІІб-не жеткізіліп отыр. Сонымен бірге, кәмелетке тол­ма­ғандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 1 азаматқа, 18 жасқа толмаған адамға темекі бұйымдарын сат­қаны үшін 3 азаматқа, ата-ана­ның балаларын тәр­бие­леу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 4 аза­матшаға және 21 жасқа толмаған азаматқа алькоголь өнімін сатқаны үшін 2 азаматқа әкімшілік хатта­ма тол­тырылып, тиісті шаралар көрілген. 1 жасөспірімге қа­тысты жинақталған құжаттар бойын­ша шешім қа­был­дау үшін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке тол­­­­ма­­ғандардың ісі және олардың құ­қық­тарын қорғау жө­ніндегі комиссия шешімімен Қызылорда қала­сына оңалту орталығына жолданса, ювеналды полиция то­бының қыз­мет­керлерімен профилактикалық есепке 9 жас­өспірім алынған. Ал, 6 жасөспірім ата-анасының қада­ға­лауынсыз жүргені үшін Қызыл­орда қаласындағы бала­ларды бейім­­­деу және оңалту орталығына жат­қы­зылған.
Атқарылған жұмыстарға қара­мастан, есепті мерзімде жасөспі­рім­мен 3 қылмыс орын алып, 2016 жылмен салыстырғанда өсім алған. Оның 2-еуі ұрлық, 1-еуі бұзақылық болса, зорлық-зомбылықтың 2 қылмысы тіркелген. Полиция қызметкерлері оқушы­мен пікірлесіп, олардың мінез-құ­лықтарына бақылау жасап отырады. Сабаққа келмей қалу, кешігу, мінезінің өзгеруі сынды жайттар да назарда ұсталады.
Заманауи өзгерістер, отбасын­дағы тәрбие, қоғамдық орта, ғалам­тор сынды дүниелер бала психологиясына әсер етпей қоймайды. Бұл ретте қоғамдық ұйымдардың да белсенділігі ауадай қажет-ақ.
– Қазір жастар ата-анасының айтқанымен жүргісі келмейді. Ол басқа балалардың да көңіл-күйіне әсер етеді. Ондай жағдай көп. Бір-біріне өші болмаса да, бір-бірін мойындағысы келмейді. Содан көкірек пайда болады, жан-жағын, қоғамды дұрыс түсінбейді. Аудандық ішкі істердің пробация бөлімінде 2017 жылы 32 жас тіркелсе, оның 16-сы есептен шығарылды. Жастарды іс-шараларға тартып, саяхатқа апарамыз. Сөйтіп, қоғамға бейімдейміз. Жосалы кентінде бүгінде төбелес жоқ. Жастардың көп шоғырланатын орындарында түнгі, күндізгі рейдтерге шығып тұрамыз. Бағытымыз – жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке тарту. Ауданда 395 жұмыссыз жас бар, оның 283-і аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімініне тіркелсе, 112-сі анкета жүргізу барысында анықталды. 2017 жылы 35 жас бизнес-кеңесші оқу семинарынан өтті. Оның 9-ы мемлекеттік бағдарламамен несие алып, кәсібін бастады. Аудандық ішкі саясат бөлімімен үстіміздегі жылы жас кәсіпкерлерді қолдауға байланысты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Идеясы бар, қолынан бәрі келеді, бірақ қаржысы жоқ жастарды осылайша қолдасақ дейміз, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мұхтар Ибраев.
Еліміз жастармен, олардың идея­ларымен мақтанады. Болашағынан үлкен үміт күтеді, сенім артады. Халқымызда: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген даналық бар. Елі үшін аянбайтын жасты тәрбиелеу үшін оларды бауырымызға басып, ұлттық тәлімге бейімдейік.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
19 қаңтар 2018 ж. 1 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031