«ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТ»
БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының ережелеріне сейкес, жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлықзомбылықты жоюдың халықаралық күні аталып өтіледі. Осыған орай жыл сайын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға жене оны жоюға бағытталған «Гендерлік зорлықзомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» жаһандық акциясы 25 қарашада басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасын табады.
Акцияның мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жене халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылық фактілерін нақты анықтау және әйелдер мен балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Акция «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты Бірге тоқтатайық: Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік және зардап шеккендерді қорғау үшін барлық қажетті жағдайды жасау» ұранымен етеді. Науқанда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау және есепке алу жоспарлануда. Алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу көзделіп отыр. Іс-шара мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар науқан кезінде қоғамдық орындарда, көшелерде, халық көп шоғырланатын жерлерде құқықбұзушылықтарды, қылмыс жасаушыларды анықтау және алдын алу болып саналады.
Егер де сіздер немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, онда үнсіз қалмаңыздар. Сіз өзіңіз тұратын мекен-жайыңызға қарасты учаскелік пунктіне немесе аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына хабарласа аласыздар.
Қармақшы ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік
бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы















