«Заң – қоғамның тірегі»
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәйімбет Көмекбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен «Заң – қоғамның тірегі» тақырыбында танымдық кездесу кеші өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.
Шара барысында Әлиев Мағауия ағамыз оқушыларға заң мен тәртіптің маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп, тағылымды әңгіме өрбітті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Заңды білу – заман талабы, ал заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Құқықтық сауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!















