Мәслихаттар сайлауы
» » ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Қармақшы ауданындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының бастамасымен 7–10-сынып қыздарына арналған құқықтық-психологиялық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірім қыздардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке шекарасын қорғау, сондай-ақ ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде танып, қажетті жағдайда тиісті мамандардан көмек сұрай білу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шараға әр сала бойынша білікті мамандар қатысып, өз бағыттары аясында маңызды ақпараттармен бөлісті. Атап айтқанда:

– Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы «Психологиялық жұмыс» бөлімінің меңгерушісі, психолог Раушан Мустафаева

– аталған бөлімнің балалар мен жасөспірімдер психологы Гүлдана Бабаомарова

– Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ақтоты Өмірбекқызы Рамазан

– акушер-гинеколог Дильназ Каганова

– Қармақшы аудандық «Отбасы қолдау» орталығының психологы Назгүл Бағдатқызы Сайлауова

– Жастар денсаулық орталығының психологы Әмина Тахирқызы Кетебаева.

Кездесу барысында қыз балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау, психологиялық саулық, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке шекара және өмірлік қиын жағдайларда көмекке жүгіну мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жасөспірім қыздардың өз құндылығын түсінуіне, саналы шешім қабылдауына, өз құқықтары мен қауіпсіздігін қорғай білуіне ықпал етеді.

Қыз баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі, ал оның денсаулығы мен жарқын болашағы – баршамыз үшін маңызды!

17 қараша 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 502

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30