Мониторинг жұмыстары жүргізілді
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бағытында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары аясында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, олардың сайлау процесіне тең дәрежеде қатысуына және өз таңдауларын еркін білдіруіне қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы 2026 жылғы 12-13 қараша күндері Қармақшы ауданынының кент, ауылдық округтерінде орналасқан сайлау учаскелерін аралап, қолжетімділік деңгейіне мониторинг жүргізді.
![]() | ![]() |
Мониторингтің негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне еш кедергісіз келіп, дауыс беру құқығын толыққанды жүзеге асыруына қажетті жағдайлардың жасалуын зерделеу, сондай-ақ сайлау учаскелерінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жабдықталуының белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау болды.
Жұмысшы топ аралау барысында сайлау учаскелерінің кіреберіс бөліктерінің қолжетімділігі, пандустар мен арнайы тұтқалардың орнатылуы, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған жағдайлардың жасалуы, дауыс беру кабиналарының талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық материалдардың қолжетімді әрі түсінікті түрде орналастырылуы жан-жақты қаралды.
Мониторинг нәтижесінде Қармақшы ауданындағы сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті қолайлы жағдайлар қарастырылғаны анықталды. Атап айтқанда, сайлау учаскелеріне кедергісіз кіру мүмкіндігі қамтамасыз етіліп, арнайы жабдықтар тиісті талаптарға сәйкес орналастырылған. Сонымен қатар, дауыс беру барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қажетті көмек көрсету және олардың өз ерік білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету шаралары көзделген.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

















