» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы түнгі рейдтік шаралар күнделікті ұйымдастырылып келеді.

Бүгінгі рейдтік шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, жауапты сала мамандарымен бірге аудан орталығындағы жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын қоғамдық орындарды аралады.

Рейд барысында саябақтар, аллеялар, дүкендер, компьютерлік клубтар, ойын-сауық орындары мен спорт алаңдары бақылауға алынды. Аралау кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарының иелеріне кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, заң талаптарын қатаң сақтау және жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына қатысты талаптарды ескеру қажеттігі айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 қараша 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30