«Заң және тәртіп» қағидаты аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алдашбай Ахун ауылдық округінде №111орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық Жастар орталығының директоры, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және учаскелік полиция бөлімі инспекторы қатысты.
Кездесу барысында: Лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны, оның адам өміріне, оқуына және болашағына тигізетін кері әсері;
Алаяқтықтың түрлері, әсіресе интернет-алаяқтық, жалған уәделер мен тез байып кету жолдарының қауіптілігі;
Құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және вейптердің денсаулыққа зияны және олардың айналымына қатысты заңнамалық тыйымдар және заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік мәселелері бойынша туралы жан-жақты мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, оқушыларға заңды сақтау, адал еңбек ету, дұрыс таңдау жасау арқылы жарқын болашаққа қадам басу керектігі түсіндірілді
Кездесу ашық форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.















